0 дауыс
793 көрілді
Қазақ ұлтының артықшылығы яғни қонақжайлылық, жомарттық, мейірімділігі жәйлі әңгіме көп. Ал, кемшілігіміз қандай? Бастысын айтсақ.

6 жауап

+2 дауыс
Біз қазақ момынбыз ғой. Бірақ кейде бір-бірімізді көре алмайтын да жаман қасиетіміз бар. Қазақ бір-біріне бауырмашыл болу керек деп ойлаймын
+2 дауыс
Дінді және салт-дәстүрді, тілді маңызды деп санамаймызсол шығар бар кемшілігі
+3 дауыс
Орысша сөйлеп тұрған біреуді көрсек, білмесекте сол тілде былдырлап кетеміз.Тура кішкентай бала секілді, ал олар бізге сәбидің қылығын көріп күлгендей болады. Бекболат аға айтпақшы құлдық санадан әлі айырыла алмай келе жатқан секілдіміз. Санамызда қорқу бар. Бұл кемшілік емес, бұл кесел. Ал, тағы көптеген адамдар тіл тазалығын сақтамайды, яғни сөз арасында то есть не болмаса короче осындай сөздердің килігуі. Әсіресе , дәл қазір қыз балалар өздерін өзгеше көрсету барысында тілі келмейтін сөзді айтып ұятқа қалуда.Біздегі ең басты кемшілік қыздың түздегі қылығынан бейхабар болуымыз.
+2 дауыс
Кезінде  ата-бабамыз "Ұлымыз құл болмасын, қызымыз күң болмасын" деп  қазақтың жерін қорғап, намысты ту еткен.  Ал қазір ше? Қазір айта берсең кемшілік жетеді. Тіліміз шұбарланып, қазақ тілі деген тілдік қасиетімізден айырылдық. Дәстүріміз ше? Ол жаққа қарасаң да сау тамтығы қалмаған селдіреу ғана, ұмытылып барады. Қаракөз қыздарымызға қарасаң, қаңтарып бос қалған қараңғы үйде қалғандай қатты үрейленесің. Үрейленгеннен не пайда? Ұлдарымыздың сиқы анау. "еркек" деген аттан бірте-бірте  безініп барады.  Одан бөлек бірлігіміз, ынтымағымыз,қадір-  қасиетіміз, намысымыз кетіп барады. Қазаққа айтсаң өзңе тиеді. Сонда кезінде  "Алаш" деп, "Қазақ" деп ұрандатқан, ат үстінен түспей, күндіз күлмей, түнде ұйықтамай қазақ үшін  кеудесін оққа тосқан ата-бабамыз  қазақты осындай болсын деппеді.  Жаңа ғасыр, жаңа ғасыр деп жүріп қазақтың тағдыры жардан құлдилап бара жатқанын  мына  момын қазақ қашан аңғарар екен((((
+1 дауыс

Шынында да қазіргі кезде қазақта жанашырлық пен бауырмалдық азайып бара жатқан секілді. Мысалы қазір кейбір туысқандар қалтаңда ақша болса ғана араласады.Іштарлық пен қызғаншақтық сияқты қасиеттер де кобейіп бара жатыр. Қалтасына қарап көсілудің орнына,​​«ешкімнен қалмау керек, менікі одан да кушті болуы керек »деген принциптерді ұстанады.Бірақ не керек айта берсек көөп қой.sad

+1 дауыс
Құрметті достар баршаңызға айтайын өзіміздің дәстүріміз бен мінез-құлықтарымызды, басқа да көптеген нәрселерді толық болмаса да жартылай білу үшін Мұхтар Әуезовтың "Абай Жолы" роман-эпопеясын және Абай атамыздың "Қара Сөздерін" оқуымыз керек. Жәй ғана оқып қоймай қайта-қайта қайталап оқып зерттеуіміз керек. Басқа да кітаптар бар әрине бірақ өзім "татып" көрмегенді біреуге ұсынуға қысылып отырмын.
...