+1 дауыс
5.2k көрілді
Қазіргі таңда білімді жастар аз, білім сапасы төмендеп кеткен. Мұның басты себепшісі мұғалімдер дейді. Сонда қазіргі мектеп мұғалімдерінің басты кемшілігі неде?

7 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менінше мұғалімдердің кемшілігі  сабақ барысын түсіндіріп немесе диктант жазып жатқанда ұялы телефонына біреу звандайды онымен сөлескенше  оқушының  сабақ оқығысы келмей кетеді.Екіншіден мұғалімнің сабақ  барысында түсіндіріп жатып басқа тақырыптарды айтып кететіні ұнамайды.Үшіншіден мұғалім іс сапармен біржаққа кетті оның орнына ешкім қалған жок сонда  сабақ барысын кім түсіндіреді  бұның бәрі мұғалімнің қателігі.Негізгі мен барлығына айтқым келетіні бір жаққа бармас бұрын артынды ойлап ойынды жинақтап бір шешімге келіп бару керек
Сіз айтып отқан мұғалімдер тобы Қазақстанда тек жүзден отызы ғана болар шамасы! Ал басқаларында ондай қателіктер болмайтын сияқты!
+5 дауыс
Меніңше, мұғалімдердің барлығынан кемшілік іздеп керегі жоқ.Білім сапасының төмендеуіне тек мұғалімдер кінәлі емес.Қайта кейде сол мұғалімдерді аяу керек пе деп қалам.Өзге елдерде мұғалімдік мамандықтың жалақысы жоғары, қадірі бар.Біздің елде жалақысы ең аз мамандық қой.Ауданаралық олимпиадаларда оқушыны өткізіп жіберу үшін ақша береді екен.Әрине, арасында тек нан табу үшін жүрген мұғалімдер де бар,оны жоққа шығаруға болмайды.Білім сапасының төмендеуі бірнеше факторларға байланысты деп ойлаймын.Мұғалімге қатысты [сұрақ-жауаптарды][1] оқып көр.Білгің келсе.


  [1]: https://surak.baribar.kz/search?q=%D0%BC%D2%B1%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1%96%D0%BC
Иа. Айтпаса сөздің атасы өледі. Шет елдерде мұғалімдердің жалақысы өте жоғары, ал біздің елде жалақысы төмен. Сондықтан көбісі мұғалім болғысы келмейді. Ал мұғалімдердің білімін айта кетсек біліміне айтар сөз жоқ тамаша. Ал біздің мұғалімді білімі нашар деп айыптауымыз мүлде дұрыс емес. Негізінде оқушылардың көбісі оқығысы келмейді. Ал оқитын оқушы өзі ізденеді.
–4 дауыс
Жоқ енд-енді түзелетін шығар. Ешқандай кемшілік жоқ. Бәрі анау Вахаббисттердің кесірінен ғой. Сол кезде балалар сабақтарын дұрыстап оқи алмаған да. Құрбан айтта адамды құрбандыққа шаламыз дегенде бәрі қорыққан. Сосын ата-аналары ерте алып кеткен балаларын.
+2 дауыс
Оқушыны біліміне сай дұрыстап бағалай білмегенінде,  оқушыларды бөліп-жарып қарағанында.
ияя шынын айтатын болсақ мұғалімдер оқушыларды боліп жарады жақсы оқитындарға оңай сұрақтар кою арқылы да бағаларын котереді
+2 дауыс
Негізінен мұғалім болу оңай іс емес. Ол үшін адам ақылды, көреген, тәрбиелі т.с.с болу керек. Бірақ мұғалімдердің айлығы қазір көтеріліп келеді, әсіресе ауылды жерлерде мұғалім тапшылығы аз, сондықтан да болар қазіргі қалалық мұғалімдер ауылға қарай аттанып жатыр. Өзім де мұғалім болмақпын. Құдай қаласа мен де аттанатын шығармын ауылға(think)
+1 дауыс
кемшілік мұғалімненде, оқушыданда бар. Мұғалімді оқымаған ақша бергендерін алады,ал оқыған ақшасы жоқ адамдар далада қаңғырып жүр. Көпке топырақ шашпайақ қояйын, жақсы мұғалім дер бар, білгеннин айтатын. Қазір студент жастардың бәрі мұғалім мен дәрігер олар 9дан шықты делік, 4жыл оқыды, қайтадан өзінің ұшқан ұясына келді делік. Одан қандай білім береді? Балдарды тындата алат деп ойлайсынба?
+1 дауыс
Әркім өз бойынан кемшілікті тауып оны жойса осындай сұрақ болмаспа еді. Мұғалімнің кемшілігі: өз маманын сүймейді, білімі төмен, заман талабына сай емес, шәкірттерді қызықтыра алмайды бұлар ұстаздың өз тарабынан келетін кемшілік.
Ұстазды әлсіз қылатын тағы бір жақ: маманның жалақысы аз, қағаз жұмысы көп (жұмыс ауыр) (Мемлекеттен көмек керек) қазіргі балалар тәрбиесі нашар (ата-ана кінәлі) т.б. осы проблемалар ұстаз жұмысына кедергі. Осыдан келіп сұрақ туындап отырған секілді.
...