+8 дауыс
4.5k көрілді
Қоғамда мұғалімнің мәртебесі қандай? Оны жоғарлату үшін үкімет не істеу керек? Немесе сіз?

14 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Оқу бітіріп мектепке мұғалім болып барған жас маман бас кезінде жақсы маман болуға тырысары сөзсіз..... сол кезде есіңе мына сөз келеді "Жас кезінде бәрі жақсы жаман қатын қайдан шықты".... онда іздеп көрейік....... жас маманның алғашқы тоқсаны мейілінше қатаң тәртіпте өтеді, бірақ сол тоқсан біткенде жоғарыдан немесе класс жетекшісінен мына балаларға мынадай баға қой деген талап түседі, жас маманның қоймасқа шарасы болмайды(әрине бір беткей батыл, артында тіреуібар, немесе өз құқын толық қорғай алатынына сенімділерінен басқалары. Бұлар жақсы маман болып шығады, бірақ біз қазір бұлар туралы айтып отырған жоқпыз.)...... келесі тоқсан бағаны қойдырып алғандар шалқасынан құлайды.... олардың ойынша енді оқымайақ қоюға болады, анда санда бір тақырыпты айтып берсем жарап жатыр.... ал бұны көріп отырған барынша оқып келіп аналардай баға ала алмаған оқушылардың сағы сынып, оданда оқымайақ үш алайын деген ойға келеді....... міне жас маман кластағы теңдікті бұзып алды.... бұл дұрысталмайды..... Мен мектепте оқығанда мұндай көрініске мұғалім кінәлі деп, іштей мұғалімдерді сынайтынмын..... кейін оқу бітіріп жұмысқа араласқасын бұл пікірдің қате екеніне көзім жетті..... жанжақтан қысқан қысым жас маманды езіп кетеді.... не жұмыстан шығасың не айтқанға көнесің.... директормен керіссең коллективтің жартысынан көбімен кеістім дей бер...... олар өз кезегінде саған кедергі келтіріп бағады.... сондай ақ әр мұғалімнің пікірлес топтары болады... оларда өз ара шайқаста.... міне асқақ арман аяқ асты болды..... сонымен кім кінәлі... жас маман? әлде коллектив?..... мүмкін директор шығар? әтпесе класты ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстайтын өз мамандығы бойынша білімі жоқ мұғалімнің қандай жақсы шәкірт тәрбилегенін көргем...... демек мұғалімге білікті маман болу үшін еркіндік керек....

P.S. бұл менің осы уақытқа дейін оқып көргендерімнен түйген ойым..... мүмкін бір жерлерде қатты айтқан шығармын.... бір жерлерде асыра сілтеген шығармын....
Құрметті, қауым, бұл тақырып өте ауқымды тақырып. Сондықтан  бұндай мәселеге атүсті пікір қосуға болмайды ғой. Пікір білдірместен бұрын өзіңіздің  оқушылық өміріңіздің парақтарын парақтап көріңізші. Оқушылық кезең - адам өмірінің ең бір керемет нұрлы кезеңі емес пе? Ендеше  сол кезеңге жарық сәуле түсіріп тұрған  өздеріңе  білім мен тәрбиені қатар берген ұстаздарыңның тұлғасы емес пе?
  Ұстаздық түсіне білген адамға ең қадірлі мамандық. Кезінде өздеріңе білім берген "өзге біреудің бақыты үшін өз  уақытын аямаған асыл жандар туралы " солақай" пікір айту - үлкен  қателік
+7 дауыс
Қадірлі болуы істеген жері мен өзіне тікелей байланысты. Меніңше, қазір қадірсіз мұғалімдер өте көп. Себебі, көбінің шынайы білімдері жоқ, оқушы өз баласындай көрмейді, олардың білімді болуына шын ниетпен жұмыс істемейді. Осындай жағдайлардан кейін мұғалімнің қадірі кетпегенде менің қадірім кете ме?!
+8 дауыс
Меніңше,мәртебелі. Бірақ адамға байланысты ғой. Егер мұғалім көп білетін болып,бірақ бір сұмырай болса,балалармен ортақ тіл таппаса,өз білгенін дұрыстап түсіндіре алмаса,оның білімділігінен не пайда? Жақсы  дәрігер,жақсы заңгер сияқты,мұғалімдердің де жақсы,жаманы болады. Ақырғылары және жалақысының аздығы мамандықтың мәртебесін түсіріп жүрген)))
+6 дауыс
Мұғалімдік-өте қадірлі мамандық. Тек қадірінің артуы мұғалімдерге байланысты. Мектепте жап-жас болса да сабақты өте қызық өткізетін мұғалімдер болатын. Тіпті өмірі кітап ашпайтын оқушылардың бәрі тапсырманы орындап келетін. Ал кейбір мұғалімдер де болған оқушылармен балаша ұрсысып, аузына келгенді айтатын...
+6 дауыс
Мұғалімнің қадірі қашқалы қай заман?! Бір елдімекеннің мектебінде директорға уборщица: мен де мұғалім болайыншы, мұғалім болған оңай екен, оқушыларды 45 минут бойы шулатпай ұстап отырса болғаны - депті. Міне, біз осындай дәрежеге жеттік.
Әркім өз өмірінің қожасы. Жалпылама ұстаздың қадірі кетті десектеп оны көтерудің 2 жолы бар меніңше. Бірінші ұстаз өзі. Екінші мемлекет.
+8 дауыс
Мұғалімде қадір жоқ,кезінде біздің кезімізде мұғалімнің төбесі көрінсе зу етіп жоқ болатынбыз.Мұғалімдер ер адамдар болған дұрыс,бірақ жоғары сыныптағылар ер мұғалімнің де жағасынан ала түсетіні бар.Біздің кезімізде соғысқа қатысқан ер мұғалімдер болды,құдай сақтасын,жақпаса ұлдарды салып қалатын.Бастауыш класс,әлі есімде жаман оқитындарды бір қатарға отырғызатын,олардың алдында қара жалау тұратын,ал үздіктердің алдында қызыл жалау,екпінділерде көк жалау.Сосн екі алатындардың арқасына екі деген бағаны түйреуішпен түйреп қоятын,нашар оқитындарды біз де сабайтынбыз,қалмұш пісіп алатынбыз,кітабын жыртатынбыз.Содан шешем мен апам мені жуас,момын,бала кезінде өжет еді деп әңгіме айтып отырмай ма,сол кезде бөлем менің мектептегі „ерліктерімді „жырдай қып айтып отыр екен,ұлдарды да сабайды деп.Келсем көздері бажырайып кеткен,содан маған ақыл айтты,өйтуге болмайды,әсіресе жетім баларға тиіспе деп,содан қойып кеттім.Бірақ мұғалімдерден қорқатынбыз,қаһарлары қатты еді.
ммм менің анам да осындай әңгімелерді айтып отырады, "мұғалімді көшенің басынан көрсек, келесі көшемен айналып өтетінбіз" деп, ал қазір шіркін басқаша ғой, қайта мені көрдің ба дегендей иығымен қағып кетердей жанынан өте береді ғой:))) алайда мен мектепте жақсы оқығанымнан кейін бе, әл күнге дейін мұғалімдерімдікөрсем қал-жағдайларын сұрап тұрам, (мектеп бітіргеніме 1 жыл болды) сағынасын ғой солардың ұрысқаның... ал оқушыға қол көтеру деген ол артықшылық, түсінем ұруға мәжбүрлейтін оқушылар да болады, алайда оларды ақылмен жеңе білу керек ғой, одан сайн өршіте бермей, сол үшін МҰҒАЛІМ деген аты бар емес пе
+6 дауыс
Әрине, қазақ халқы үшін мұғалім, ұстаз деген ең қадірлі адамдардың бірі болғаны белгілі. Қазір шынымен мұғалімдердің қоғамдағы статусы төмен. Статусын көтеру үшін ең бірінші еңбегіне сай жалақы болу керек. Білім саласы тек сайлау кезінде ғана депутаттардың есіне түседі, енді дауыс жинау керек қой. Биліктегілер де солай. Адам жинау керек болса, студенттер мен оқытушыларды тізіп қояды, қол соққызып, мысалы елбасымыз басқа өңірлерге барған кезде, сабақты тоқтатып, студенттерді оқытушыларымен бірге сонда жібереді. Жалақысы бойынша мұғалімдер ең жоғары алатындардың бірі болу керек қой.
+5 дауыс
БУРЫНГЫ КЕЗДЕРДЕ УСТАЗ - ЕН МАРТЕБЕЛИ ДЕ ЕН КАДИРЛИ АДАМ БОЛГАН. УСТАЗДЫН БЕТИНЕ БАКШЫЙЫП КАРАМАЙТЫН БОЛГАН, МЕКТЕПТЕ КОНЫРАУДА ЖУРГЕНДЕ ДЕ КАСЫНАН ОТИП БАРА ЖАТКАНДА КОРИНБЕУГЕ ТЫРЫСКАН ДЕП МЕНИН СЫНЫП ЖЕТЕКШИМ АЙТАТЫН ЕДИ БИЗГЕ. СОЛ СЫНЫП ЖЕТЕКШИМЫЗДЫ КАДИРЛЕСЕКТЕ , КЕЙБИР САБАКТАРДАН БЕРЕТИН МУГАЛИМДЕРДИ БИЗДИН СЫНЫП ОКУШЫЛАРЫ МУГАЛИМ РЕТИНДЕ КАРАМАЙТЫН ЕДИ.СЕБЕБИ, ОЛ МУГАЛИМДЕР ЖАС БОЛАТЫН, ЖАНЕ БИЗГЕ ЕШКАШАН УРЫСПАЙТЫН, САБАК СУРАМАЙТЫН. БАЛАЛАРДАН САБАК СУРАСА, ОЛАР ЖАУАП БЕРМЕЙТИН, ТОКСАН СОНЫНДА АЙТЕУЫР БАГА ШЫГАРУ КЕРЕК БОЛАТЫН БОЛГАСЫН ОКУШЫЛАРДЫ БИР БИРДЕН ТУРГЫЗЫП УЙГЕ БЕРГЕН ТАПСЫРМАНЫН ТАКЫРЫБЫН АЙТСАН БОЛДЫ ДЕП ТЕК СОНЫ СУРАП ТОКСАНДЫК БАГА ШЫГАРАТЫН ЕДИ. =)))))) СОНДЫКТАН, БАРЛЫК ОКУШЫЛАР СОЛАРДЫН САБАГЫНДА МУЗЫКА КОСЫП, БИРЕУЛЕР БИЛЕП ЖУРЕТИН. СОНДАЙ ЗООПАРКТЕ ЖУРГЕНДЕЙ СЕЗИНЕТИН ЕДИК ОЗИМИЗДИ. ЕЛИМИЗДЕ ЕНДИ ОНДАЙ МУГАЛИМДЕР БОЛМАСА ЕКЕН ДЕП ТИЛЕЙМЫН!!!!!
Қазақша әріптерді қолдансаң жақсы болар еді......
КАЗАКША ЖАЗАР ЕДИМ ЖАНТУГАН МЫРЗА! БИРАК КОБИНЕСЕ КАЗАК АРИПТЕРИ КОРИНБЕЙ КАЛЫП ЖАТАТЫНДЫКТАН ОРЫСША АРИПТЕРМЕН ЖАЗИП ЖУРМИН.
Белгісіз
менің қазақша әріптерім саған көрініп тұр ма? ал маған көрінніп тұр демек осындай сәттерді пайдаланып қазақ тілінің деңгейін көтерейік.... егер сен қолданбасаң сеннен көріп мен қолданбасам онда қазақ тілі кімге керек.... онда орыс тілін үйренде орыс тілінде жаз орыс тілі кез келген жерде көрінеді..... бірақ оныда шұбарламай таза жаз...... менің айтарым осы қатты кетсем кешір....
ЖАРАЙДЫ, ЖАНТУҒАН МЫРЗАМЫЗ ТЕЗ АШУЛАНШАҚ ЕКЕНІН БІЛМЕППІН. ӘРИНЕ, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАЗҒАНЫМЫЗ ЖАҚСЫ ҒОЙ.  ЕНДІ ҚАЛАЙ БОП ТҰР???  НАҒЫЗ ҚАЗАҚША ЖАЗЫЛЫП ТҰР МА??? ;)
Белгісіз
Рахмет.......... сен енді қазақша сайттардың дамуыңа өз үлесіңді қосып жатсың....
+6 дауыс
Мұғалімнің ішінде де мұғалім бар!
+4 дауыс
Әр түрлі! Кеше мен олимпиадада отқанда көзімше айтып отыр, осы баланы өткізбейік деп, Ол барып тұрған бассыздыққо!
–1 дауыс
Мұғалімдер өз қадірлерін өздері кетіріп жатыр. Менің алдымда жазылыпты ғой, олимпиада жайлы. Мен де айта кетейін. Маған олимпиада басталмай жатып "Сен қалалыққа барасың" деп айтып қойған. Өзім де кейбір мұғалімдерді мұғалім деп танғым келмейді, бірақ, амал жоқ өзім үшін емес, ата-анам үшін шыдаймын.
хехе... менң кезімдеде осындай жағдай болып еді... маған қалалыққа барасын деп айтқан жоқ, ер бала болған сон ол кездері басқа нәрселерге қызығатынмын... осыны көріп бұрынғы өмірім кө алдымнан кино пленкасы сияқты өтті ғой... эххх мен тек 11 класста ғана оқу керек екенін түсініп қатарыма жетіп алдым, озып кеттім десем де артық айтпайм... 11 класста мұғалімдір айтады ғой, сен ҰБТға барасын, сен бармайсын деп... сол 11 класс.. жылдың басында мені бармайтындардың тізіміне қосып қойған тұғын, соны көріп қатты намыстандым... және өзімдей қатар, бірге жүрген балаларды қосып қойған ғо еще баратындарға... 2 аптадан кейін 1 пробный тес болатын болды, сол кезде көрсеткенмін өзімді... специально алдынғы партада отырдым, чтоб шпор пайдаланды деп ойламау үшін, и класс бойынша 3 орын алғанмын.. (11 класстан 1 ақ класс тұғынқалғаны) ))) үйге келіп қуанып сонын екпінімен қайта қайта тест жаттап, тіпті ұйқы көрмей кеткенмін... эххх саған ответ ретінде жазғаныма ренжіме, өз өмірбаянын неге айтып кетті деп ойлама, просто есіме түскен сон жаза салғанмын, модераторсын ғой, ұнамаса алып тастарсың))) тағы да еске ала тұрайыншы сол 11 классымды... енді класста 25 оқушы болсақ әр қайсымыз әр түрлі дайындалдық ғой, кейбіреулер репититор жалдаса, кейбіреулер "Достыққа" барып дайындалды, шыны керек менде репититор жалдайтын да, айына 10-15 мыңмен баратын "Достыққа" да баруға жағдайым келмейтін сол кездері, мен өзім үйде дайындалдым, старостамен көрші тұратынмын, бір кездері ол да көмектескен... сол аяқтай салайыншы, ҰБТдан кейін 95 баллмен (орыс тілсіз 82.....) классымда 2 орын болдым))) менен озған қыз (ол барлық пәннен репититор жалдаған тұғын)83 балл болды. жоғары алған жақсы екен, выпускнойда оқушылардың атынан сөз сойлеп, авторитет болып жүрдім ғооооооо... эххх но армандаған ақуыма түскенім жоқ, мен үшін әлі де кеш емес, АЛЛА бұйыртса оған да түсем. (мойындайм, былайынша мақтаншақпын, достарым да солай айтад))) мен бұны мақтану үшін емес, жай еске түсіріп жаздым))) бұны толық оқыған адам бар ме екеееееен? ешкімнің нервосы шыдамайт шығар менің бұл жазғаныма)))))))
мен оқып шықтым... =))))))))))
тууу сіздің жүрегіңіз таза-ау шамасы бәрін бүкпесіз айтып саласыз....
әрине деп қояйын, шынымен бунақденелілерді де сыйлайтын адаммын ғо)))) олардың да пайдасы бар, гүлдерді тозандандырады)))))))))
бәрін мединцамен, өмірмен байланыстырып жіберетініңізге қайран қаламын)
+2 дауыс
мұғалім қадірлі мамандық деп айтуға болады ол қадіріңді өзіңнің біліммінмен көрсетесін
+1 дауыс
Мұғалім-қадірлі,керемет маман!
0 дауыс
Мұғалімдік жақсы мамандық ғой, маған ұнайды, мұғалімдерге қызыға қараймын, кейбір кезде оқушы болсам да мұғалімдердің сабағын өтіп беремін, апайымыздан тапсырмамды алып, үйде әбден дайындаламын, біздің мектебімізде жалпы кейбір кездері апайларымыздың орнына бір сәт өзімізді қойып көреміз, жалпы мұғалімдік маған ұнайды, мен биология, математика, география пәндерінен мұғалім болдым, әбден дайындалдым, көрнекіліктер, плакаттар, сөзжұмбақтар сызып, биологиядан сабақ қызықты өту үшін, оқушылардың жауап беруге деген ынтасын көтеру үшін кәмпит дегендерді мектепке алып бардым, сол әрбір кәмпитке (шоколад)  тапсырма ретінде  сұрақтарды орадым, сосын оқушы қалаған кәмпитін алып жауап беруге тиісті болады, егер жауап берсе кәмпиті өзінде қалады және ұпайы көтеріліп журналға жақсы баға қойылады, сосын тағы оқушыларды үш топқа бөліп қойып, сұрақ жауап ұйымдастырғанмын, яғни бұл ұйымшылдыққа тәрбиелейді жалпы жеңу үшін атсалысады, өзімді жалпы жарнамалап, мақтанғандай болып кеттім-ау шамасы, жалпы сұраққа келер болсам, мұғалімнің мәртебесі жоғары да, жоғары емес деп те айта алмаймын, кейбір мұғалімдерге қарап менің ішім ауырып кетеді, оның алдында менің тәжірибем жоқ болса да мен сабақты жақсы өтетін секілді көрінемін, мұғалімдердің бәрі бірдей емес қой, жақсы мұғалімдер бар, тек олар я пайдасы, я зияны жоқ мұғалімдердің жетегінде қалып көрінбей қалып жатыр, сондықтан да сіздер мұғалімдерді жамандайсыздар, жалпы бұл дұрыс емес, әйтеуір енді оларға да оңай емес, не болса да таяқтың екінші ұшы мұғалімдерге барып тиеді, сондықтан кейбір мұғалімдердің жүйкесі шаршаған, жалпы негізі мұғалімдік міндеттің жақсы орындалмауы сол білімсіздіктің кесірі, ұйымдастыра алмаудың, оқушыларды бағындыра алмаудың кесірі, қазіргі уақытта мектепке мұғалім болып кіріп алу қалтасы бар адамдар үшін оңайдың оңайы болды ғой, сондықтан да білімді жастарымыз көбейсін десек, еліміз өркендесін десек парақорлыққа да жол бермеуіміз керек, ақшаның күшімен көкірегін көтеріп жүргендерді басу керек деп ойлаймын
жалпы мұғалім болған кезде, маған бағалайтын кезі қатты ұнайды, мен оңайлықпен "5" деген бағаны қоймас едім, әбден қинап, кітапта жоқ сұрақтарды қойып, орындаған тапсырмаларын тексеріп, дәптерлерін ақтарып болған соң, жақсы жауап беріп тұрса болады ау дегеннен кейін ойланып барып "4" қоятын едім, жалпы мен болашақта мұғаалім болайын деп тұрмын, мұғалім бола қалсам балаларыңды маған жіберіңдер, білімді азамат(ша) етіп шығарып беремін,,,
...