0 дауыс
1.2k көрілді

Айтуға оңайда ер адам үй тірлігіне көмек көрсеткен дұрыс па?Сіз келісесіз бе?әлде келіспейсіз бе?

13 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине келіспеймін. Үй шаруасын әйел жасау керек. Еркектің міндеті түзде жүріп қаражат табу болып табылады. Бірақ ер адам әйел ауырып қалғанда екіқабат кезінде көмектесіп үй шаруасын жасау керек. Себебі пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзі әйелдеріне көмектескен. Оның 25 әйелі болған. Ал қазіргілердің көбісі оны ұят санап бір әйеліне де көмектеспейді.
Дұрыс айтасың +1
Дұрыс емес. Студент кезімізде тамақты өзіміз пісірдік. Сонда не, бұл әйелдің жұмысы деп аштан өлуіміз керек пе еді? ))
Бұл жауапта ерлі-зайыптылар туралы айтылып жатыр.
Сонда әйелің кешке дейін жұмыста болса, немесе 15 күндік вахталық жұмыста болса, өзің мен балаларың аш отыруың керек пе? Мүмкін, сен шашлықты да әйеліңе істететін шығарсың?
хы бас десе құлақ деп кеттіңғой.
Бала кезіңде құлақты көп жегенсің ғой. Әйелің үйде жоқ болса, балаларыңмен тамақсыз аш отырасың ба?
+2 дауыс
Ер адам үйінде арасында, өзі қалаған кезде тамақ жасап тұрса болды, еркекке сол жетеді. Ыдыс жуу, үй тазалау т.б. шаруаларды әйел атқару керек.
Сенин созине косыламын,Сосын айели ауырып калганда тамак истеп комектессе болды
0 дауыс

Біріңғай еркек тамақ істеуге келіспеймін.Бірақ анда санда,әйел адамның қолы босамай қалғанда көмек берген дұрыс қой.Үнемі тамақ істеп әйелді үйретіп қойған да дұрыс емес.

0 дауыс

Кеше "Айтуға оңай" программасында айтылған. Ер адамның тамақ істегені оның жақсы қасиеті. Бізде Қызылорда облысында құдайы-тойларда ер адамдар тамақ істейді. Ал әйелдер салат, тәттілер дайындайды.

0 дауыс

Бул суракка ар адамнын озге жауабы бар. Еркектерге бул,арине, жаман бурыс.  Ал айелге бул жаксы. Брак мен ойымша еркек тамак пысыр ганы оте жаксы... Ал баскалар( еден жуу, ыдыс-аяк жуу) жане уйде айелин болса, бул енди еркекке мазак.

0 дауыс

Келіспеймін.                                .

+1 дауыс

Келісемін, бірақ үнемі тамақты ер адамның жасауы дұрыс емес деп ойлаймын. Анда-санда әйеліне көмектесу үшін ас үйге кірсе болды емес пе?! )) 

Дұрыс.         .
0 дауыс

Келісемін, менің әйелім жоқ, бірақ үйленіп жатсам, әйеліме көмектесіп, өмірдің ащысында, тұщысында бірге көруге дайынмын. Үйленетім ойым бар жақсы қыз табылса, адал, пәк, адам жаның түсінетін.

+2 дауыс
Тамак жасау ер адамга кыз адамга деп болiнбейдi. Шеф поварлардын кобi ер балдар болып келедi. Мысалы мен уйдiн улкенiмiн,2 тентек iнiм жане де анамнын кiшкене сабиi бар...Кунделiктi уй жинау,ыдыс жуу кобiнесе менiн мойнымда жане де кобiнесе уйде кешкi тамакты мен жасаймын... Айтарларын болса ал айтындар...
+2 дауыс
Тагы да айта кетейiн... Толыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Аспен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, баймырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, жалаңбас тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан: — Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! — дейді. — Ағалайкуміссалам, жайсаң мен қасқалар, Кедейшілік ердің түсін басқалар. Дүзде жүрсек батырмыз, Үйде отырсақ қатынбыз, Қатын ауру, бала жас, Тары түйіп жатырмыз. Таудан үлкен талабым бар, Ит ішпейтін шалабым бар, Түссеңдер міне лашық, Кетсеңдер жолдарың ашық! — депті Толыбай шешен. Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапанберіп қасына ала жүрген екен
0 дауыс
аш болса ози ушин писирип жид
0 дауыс
Келиспеймин,биртурлиго онын устине
0 дауыс
Ер адамның тамақ істегеніне қарсы емеспін.
...