0 дауыс
Тірлік пе әлде тірілік пе, тіршілік пе әлде тірішілік пе? Тірлік пен тіршілік деген сөздер қате болып бекітілген деп санаймын, себебі екі сөздің де негізгі түбірі "Тірі" ғой. "Тір" деген сөз қазақта атымен жоқ. Яғни, негізінен, бұл сөздер келесі түрде жасалады емес пе: "тірі" "лік", "тірі" "ші" "лік". Сіз қалай ойлайсыз?
21.10.2014 1.1k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Құлманов С.Қ.филол.ғ.к., доцент

Саламат болыңыз! Сіздің тіл мәселелеріне көңіл аударып отырғаныңыз бізді бек қуантады. Сіздің қойып отырған сұрағыңызға ұзын-сонар мысалдар келтіріп, ғылыми түрде жауап беруге де болар еді. Дегенмен сізге түсінікті ғой деген үмітпен қысқа қайыруды жөн санадық. Сіз дұрыс байқағандай, «тірлік», «тіршілік» сөздерінің тарихи түбірі «тірі» сөзі екені өз-өзінен белгілі. Алайда «тірлік», «тіршілік» деген сөздерді ешкім «жоғары жақтан» бекіткен емес. Тілдегі «редукция» (әлсіз дыбыстың жұтылуы) және үнемділік (буын санының азаюы) құбылысының әсерінен сөйлеу барысында қалыптасқан мұндай қолданыстар тілдің ішкі табиғи заңдылығы саналады.

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

21.10.2014
0 дауыс
Тірлік пен тіршілік деген дұрыс жазылған .Тірлік деген " сол баяғы тірлік қой" , жағдай деген сөз.Тіршілік ол - өмір сүріп жатырмыз, тіршілік етіп жатырмыз деген сөздер.)
21.10.2014
0 дауыс
Кейбір біріккен сөздерде әріптер түсіп қалады ғой. Оларды қателеспесем кіріккен сөздер деп атайды. бұл сөздер де сондай тәртіппен жазылған. сіз айтқан тірішілік тірілік деген сөздерді ешқандай жерден оқымаппын
21.10.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы