+2 дауыс
2.9k көрілді
Жасаудан максат  не ?

 ішіп жеума ?   рахаттаныума ? біреулердің мақтағанын күтіу ? өзіңді көрсетіума ? намазға жығылып жаннаттан үміттеніума ?  сұрақ қойып адамдарды  ойландырыума ? әлде бұндай сұрақтар ойыңа келместей басты көтермей жұмыс жасай берума ?
ал сенің ойынша не???

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмірдің мәнін білу үшін өзін тұлға сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам «Мен жерді тіреп тұрған негізгі тірек не болмаса күллі ғаламның кіндігі  емеспін. Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге созылып жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп ойлансын». Осы бір өте елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс анықтап,  қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады.  Ал ол адам өмірде өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын табуына  кесірін тигізбеуі керек. (Өкінішке орай барлық жерде, ұжымда, жұмыста, қызметте адамдар  керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония, сыйластық, барлық адамға деген игі тілек, жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп адамның айнымас темірқазығы ретінде жармасатын құндысы-Алла. Сондықтан тәкәппарлықтан айығып Алланың ақ жолымен жүру керек.Міне сонда өмірің мәнді де сәнді болмақ!
0 дауыс
менің ойымша намазға жығылып жәннаттан үміттену құранда бір сүре(атын ұмытып қалдым)соны оқы
бір сүре ғана оқу керек пе?
0 дауыс
Адамдарға көмектесіп солардан алғыс алу және намазға жығылып жұмақтан үміттену
Сонда солар ғана ма?
0 дауыс
Өмірдің мағынасы не? Ең алдымен бұл өмірге не үшін  келгеніңді біліп ал.Бұлардың барлығы өмірде істейтін бар нәрселер.Адам өмірге құлшылық ету үшін келді.Өмірдің мағынасы осында.Менің өмірлік мақсатым 5-парызымды ойдығыдай шын орындау.1)Намаз оқу.Аллаһқа құлшылық ету,яғни Аллаһқа мүнәжәт ету.2)Ораза ұстау.3)Қағбаға бару.Бір рет болсын барып келу қажет.4)Зекет беру.Байлығым асып жатпаса да кедейлерге,жетімдерге зекет беру,бәрін сырап еткенше соларға беріп сауап іс жасау.5)Кәлима білу.Мұсылман болған соң бәрі калимасын білу керек.Ля Илләһи Иллалаһ,Мухаммад расул Аллаһ.Мағынасы Аллаһ жалғыз және оның елшісі Мұхаммед(с.ғ.с).
Сауап іс жасағым келеді.Ешқашан теріс жолға түспей Аллаһқа шүкіршілік ету керек...
+2 дауыс
Сұрағыңыз қызық көрінеді маған, әрине бұл өмірдің не мағынасы болсын, өмірге келу деген жәй ғана кездейсоқтық қой (өмірден мағына іздеп жүрген адамдарға таңғалам). Бұл өмірден еш мағына іздеп керегі жоқ, жай ғана өмір сүр, болды...
0 дауыс
Соны өзімда түсінбедім
0 дауыс
Өмірдің мәні - жақсы адам болып айналаңдағы адамдарға қол ұшын созу.
0 дауыс
Жасаудан мақсат:бір затты жасап шығару,бірдеңені дүниге алып келу.Өмірде ішіп жеу,рахаттану,мақтану,мақтау,өзін көрсету,намазға  жығылу,сұрақ қою,жұмыс жасау,заттарды кетіру,яғни сырап қылу т.б бәрі де бар.Тек бәрі адал болса болғаны,шынайы болғаны керек.Намаз оқысаң шын ниетіңмен оқы,Ішіп жесең,сол асыңды адал жолмен тауып же.Рахаттансаң парызыңды орындап рахаттан,сауап жасадым деп рахаттан.Біреудің сені мақтағанын қаласаң сауап іс жаса,зекет бер.Аллаһқа жақындаймын десең Намаз оқы,себебі күн сайын  Аллаһ үшін соғып тұрған жүрегің болса оқыған намазың қабыл болып Аллаһқа күніне бес мәрте жақындайсың.Жаның таза болсын десең ораза ұста.Өзіңді мұсылманмын деп санасаң Аллаһтың жалғыз және оның елшісі Мұхаммед (с.ғ.с)екенін ойыңнан шығарма
 Жан жараңнан құтылғың келсе Құран оқы!!!Сенің өмірдегі әр сөзіңді періштелер жазып отырады.Әр іс-қимылың үшін О Дүниеге барғанда жауап бересің.Әр сөзіңді,қимыл әрекетіңді ойлап істе!
Ақылыңа құлақ ас!Өміріңнің шын мәнінде мәнді болғанын қаласаң осыларды жаса.Өкінбейсің.Бұларлың барлығы жай сөздер емес...
0 дауыс
Адам болып келу адам болып кету
0 дауыс
Өмірге мақсат керек
0 дауыс
Мен үшін өмірімнің мағынасы ол менің анам
...