Өмірдің қиыншылығынан құтылу

0 дауыс
785 қаралым
Өмірге келгеніне бақытты болу үшін не істеу керек
• Санаты: Өмір, Тіршілік | 785 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Барлық проблемаңызды Аллаға тапсырып үйреніңіз. Құран оқып үйреніңіз, білім алыңыз, шүкіршілікті арттырыңыз, әр нәрсеге қуана біліңіз, Әлемнің тамаша жаратылысын тамашалаңыз. Раббыңызды, пайғамбарыңызды таныңыз, таныған сайын өмір сүруге деген көзқарасының өзгереді.
Алла әрдайым бізді сынақпен шыңдап отырады, оның артынан қуаныш сыйлап отырады. Өмір тым қысқа, өкініп жүргеніңізде таң атып, күн батып бәрі өтіп жатыр.
Сіздің өмірге келгеніңіздің өзі, он екі мүшеңіздің саулығының өзі Бақыт. Ауруханадан еміне шипа таппай, санаулы өмірі қалғандар, туыла салып ана мейіріміне зар болған кішкентай бүлдіршіндерді жетімдер үйіне барып көріңіз, сіз олардың жанында неткен бақытты жан екеніңізді түсінесіз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
2 жауап
127,955 сұрақ
322,858 жауап
153,167 пікір
72,960 қолданушы