+4 дауыс
1.8k көрілді
Қазіргі адамдардың көбісі қазақша сөйлемей орысша сөйлейді ол неге? ал орыстар болса қазақстан жерінде тұрғандықтан қазақша үйреніп жатыр және де қазақтар орыстардан қайталайды ол неліктен?

7 жауап

+1 дауыс
Орысшасы дамып кеткен болар! мен өз басым қазақша сөйлеймін!
0 дауыс
Қазақша біліп тұрып сөйлейді бұл мақтаншықтық
0 дауыс
Орыс пен қазақ орысша сөйлесетін болар.Өзім қазақша сөйлеймін.
0 дауыс
Қазақ болып туылдым қазақ болып өлемiн.
0 дауыс
Тіл қазіргі заманда көбінесе өмір сүру құралы ретінде қолданылады, яғни адам өзінің, бала шағасының қамын ойлап орыс және басқа да шет тілдерін білуге тырысады. Өйткені ол тілдерде ғылым мен білім, бизнес пен саясат жолында табысты болуы шарт. Ал егер тіл тек ара қатынас құралы емес, ол адамның шыққан тегі мен ұлттық құрамын, отандық патриотты қасиеттерін анықтайтын құбылыс болса, онда бұл мәселенің келесі жолдары бар деп ойлаймын;

1. Қазақтың санын көбейту

2. Екі қазақ өзара тек қазақша сөйлеуге тиіс

3. Орыс және ағылшын тілін білу

Сонда біз әлемдік прогресстен қалмаймыз, ана тіліміздің бұрмаланып жоғалуына жол бермейміз және санымыз бен сапамыз көбейген сайын басқа ұлттардың қазақ тіліне деген қажеттілігі артып МӘҢГІЛІК ЕЛ боламыз!
+1 дауыс
Қазақша орысша араластырып сөйлеймін. Мақтаншақтық емес, кейбір ойларымды жеткізу үшін орысша сөздер қолданамын. Бір жағынан орысша кітаптар оқығаннан және интернетте көретін материалдар, кинолар орыс тілінде(тв көп қарамаймын)  болғандыктан сөздік қорым орысша сөздерге байытылған. Қазақша кітаптарды да аз оқыған жоқпын, бірақ ол әдеби стиль болғандықтан күнделікті ауызекі тілде пайдалана бермеймін. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Сондықтан өзім де орысша аралас сөйлейтін болғандықтан, "тек қазақша сөйлейік" деп жалған патриоттылыққа салынбаймын. Давай, конечно, молодец, ну, уже т.б сөздерді 99% қазақ қолданады ғой.
0 дауыс
Аралас сөйлеуде сатқындық. Өзбектер өзбекше сөйлеседі бір-бірімен. Өзбектер бізден қалып жатыр деп ойлайсыздар ма бизнесте саясатта ? Түріктердің тілі қазақ тілінен бай емес бірақ тек түрік тілінде сөйлеседі. Шешендерде тек шешен тілінде сөйлеседі бір-бірімен.  Ана тілімізді бөтен тілмен араластырып былғамайық Қазақтар. Конечно, давай сиақты кірме сөздер орыста да көп, бірақ жарты сөзі бөтен тілмен сөйлеу тек бізде ған бар масқара. Орыс тілінің 40пайызы ғана өз тілдері, ал қалғанын әр жерден теріп алған. Ондай былық тілден нәр алмаңдар. Орыс тілін білмейтін қытай қазақтары қараңғы емес шығар. Олар қытай тілінде араластырмайды ана тіліне.
...