+2 дауыс
4.2k көрілді
Неге қазақтар қазақша біле тұра орысша сөйлейді? Мысалы Мега немесе басқа жерлерге барсаң орысша сөйлейді?Біздің мемлекеттік тілдің ішіне орыс тілі кіре ме?
Сіңірі шыққан сұрақ
Салып бер енді сіңірін ))

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тіл қазіргі заманда көбінесе өмір сүру құралы ретінде қолданылады, яғни адам өзінің, бала шағасының қамын ойлап орыс және басқа да шет тілдерін білуге тырысады. Өйткені ол тілдерде ғылым мен білім, бизнес пен саясат жолында табысты болуы шарт. Ал егер тіл тек ара қатынас құралы емес, ол адамның шыққан тегі мен ұлттық құрамын, отандық патриотты қасиеттерін анықтайтын құбылыс болса, онда бұл мәселенің келесі жолдары бар деп ойлаймын;

1. Қазақтың санын көбейту

2. Екі қазақ өзара тек қазақша сөйлеуге тиіс

3. Орыс және ағылшын тілін білу

Сонда біз әлемдік прогресстен қалмаймыз, ана тіліміздің бұрмаланып жоғалуына жол бермейміз және санымыз бен сапамыз көбейген сайын басқа ұлттардың қазақ тіліне деген қажеттілігі артып МӘҢГІЛІК ЕЛ боламыз!
(с) zandosm
+1 дауыс
Мемлекеттік тіл қазақ тілі қосымша орыс тілі мен ағылшын тілі. Негізі қазір қазақ тілін менсінбеуден бе, әлде мақтанғаны ма түсініксіз.Бірақ өз басым тек қазақша сөйлеймін. Кейін келе қазақша сөйлейтін болады.
+1 дауыс
Қазір көп жерде байқасаң әсіресе қалаларда орыстар көп болғасын шығар немесе орыс мектебін бітіргесін болуы керек,Кейбіреулердің тілі үйреніп кеткен не өздерінше оны да бір керемет көретіндер бар ғой.Өз тілімізге ештеме жетпейді ғой.
+1 дауыс
Эм... Әрине, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек . Қазақ болсын , басқа ұлт өкілі болсын ана тілінде сөйлеу де маңызды.  Бірақ... Адам қай тілде сөйлегісі келсе де өз еркі ғой?! Мейлі ол қазақша , орысша, тіпті арабша босла да...
+1 дауыс
Сұрағыңа мына кісі президент болса жауап табылады. )

Шаханов!!! Нағыз ұлт жанашыры. Құрметім шексіз!!!
+++++++++++++++++
0 дауыс
Себебі қалада бәрі орсыша сөйлейді,ауылдан келгендер түсіне бермейді.Қазір жұмысқа мысалы банкке кіру үшін орысша білу керек.Онда тұрған ештене жоқ орсыша білген жақсы үлкен қалаға барғанда түсінесің не үшін сөйлейтінін,
Мен қалада тұрамын
+2 дауыс
Орысша сөйлегенді абырой санайды көбісі.
...