Кезінде ата-бабамыз "Ұлымыз құл болмасын, қызымыз күң болмасын" деп қазақтың жерін қорғап, намысты ту еткен. Ал қазір ше? Қазір айта берсең кемшілік жетеді. Тіліміз шұбарланып, қазақ тілі деген тілдік қасиетімізден айырылдық. Дәстүріміз ше? Ол жаққа қарасаң да сау тамтығы қалмаған селдіреу ғана, ұмытылып барады. Қаракөз қыздарымызға қарасаң, қаңтарып бос қалған қараңғы үйде қалғандай қатты үрейленесің. Үрейленгеннен не пайда? Ұлдарымыздың сиқы анау. "еркек" деген аттан бірте-бірте безініп барады. Одан бөлек бірлігіміз, ынтымағымыз,қадір- қасиетіміз, намысымыз кетіп барады. Қазаққа айтсаң өзңе тиеді. Сонда кезінде "Алаш" деп, "Қазақ" деп ұрандатқан, ат үстінен түспей, күндіз күлмей, түнде ұйықтамай қазақ үшін кеудесін оққа тосқан ата-бабамыз қазақты осындай болсын деппеді. Жаңа ғасыр, жаңа ғасыр деп жүріп қазақтың тағдыры жардан құлдилап бара жатқанын мына момын қазақ қашан аңғарар екен((((