0 дауыс
1.5k көрілді
Мен толықпын қалай арықтасам болады ?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Коньки не роликтер

Саныңыз ылғи қозғалыста болып, жылдамдығыңызға байланысты калориялар жойылады. Сан, аяқ, кеуде бұлшық еттері жаттығады. Коньки не ролик тепкенде қозғалыс жылдамығы мен қадамыңызды өзгертіп жүріңіз. Басында қатты, кейін орташа, одан кейін баяуырақ. Қадамыңыздың ұзындығын өзгертіп, бірде көп аттап, бірде кішірейтіңіз. Коньки не роликтегі жаттығулар сағатына 500-800 ккал кетіре алады.

Жүгіру

Жүгіргенде адамның аяқ, сан, іш, арқа, иық бұлшық еттері жаттығады. Бұлшық еттер жұмысымен қатар, жүрек жаттығып, өкпе тазаланады, ал артық салмақ кете бастайды. Жүгіргенде алға қарай еңкеймеңіз, арқаңызды тік ұстаңыз. Қолдарыңызды қозғалтып жүгірген дұрыс. Бұнда да қадам ұзындығы мен жылдамдықты өзгертіп отырсаңыз, жаттығуыңыз нәтижелірек болады. Түзу жерде жүгірген оңай болса, тасты, түзу емес жердегі жаттығудан көбірек салмақ жоғалтуға болады. Жүгірудің тиімділігі 1 сағатта 750 ккал.

Секіртпеден секіру

Секіртпеден секіргенде мынандай ерекшеліктерді білгеніңіз жөн. Секіру шапшаңдығын өзгерткен әлдеқайда тиімді. Екі аяқта, кейін оң, сол аяқта секіруге, секіріп жүгіруге болады. Тиімділігі сағатына 680 ккал.

Шеңбер айналдыру

Бұл тәсілдегі ең маңыздысы - дұрыс өлшемді шеңбер таңдау. Алдыңызға қойғанда, шеңбер кеудеңізге дейін жетіп тұруы керек. Калориялардың кетуі үшін шеңберді айналдырсаңыз болғаны. Тиімдірек болсын десеңіз, айналдыру шапшандығын өзгертіп отырыңыз. Сондай-ақ шеңбер көмегімен басқа да жаттығулар орындаса болады. Шеңберді таңдағанда жеңіліне назар аударыңыз: жеңіл шеңберді ауырына қарағанда, айналдыру қиын. Тиімділік сағатына 400-600 ккал.

Теннис не бадминтон ойыны

Бұл ойындар жүгіру, еңкею, созылу сияқты қимылдарды талап етеді. Алайда жұбыңыз болмаса, теннис добын дуалға соғып ойнаса да болады. Дуалдан бірнеше метр қашықтыққа тұрып, арықтай бастаңыз! Сағатына 550 ккал жояды.

Би

"Арықтататын" би түрлері тез, ырғақты билер. Латина, хип-хоп, шығыс билері сізді арықтатып қана қоймай, көңіліңізді көтерері анық. Нәтижелілігі сағатына 440 ккал.

Тез жүру

Жүгіргенде ентігіп қалып, шыдай алмайтын қыздарға таптырмас шешім - тез жүру. Түзу жолдан гөрі, таулы-тасты жол таңдаңыз. Қадамыңыздың ұзындығын барынша азайтып жүрген дұрыс. Денеңізді түзу ұстап, қолдарыңызбен көмектесіңіз. Нәтиже: сағатына 300-450 ккал.
0 дауыс
Спортпен шұғылданыңыз, 2-3 сағат билеңіз күніне, 2 литрден жоғары су ішіңіз, сағат алтыдан кейін тамақ ішпеуге тырысыңыз....
0 дауыс
Күрішті суға тұзсыз қайнатып жеңіз таңертең аш қарынға одан кейін 2-3 сағаттан кейін тағам жей беріңіз. тәттіден аулақ болыңыз әсіресе кондитерлік тағамдардан
0 дауыс
Злойдың жауабына қосыламын, арықтағын келсе суды көп ішіп, тамақты азайту керек, су ішкенда зат алмасу жылдамдайды, депода артық болып тұрып қалған майлар да ыдырай бастайды. 21 күн аз тамақтанып шыдап жүрсен әрі қарай қалыптасып кетіп, түк қиындығы болмай қалады арықтаудың. тек 21 күн шыдасан болды) Мүлдем тамақтанбай қоюға да болмайды, ауруға шалдығасын. күніне 3 мезгіл жарты порция тамақтанып жүрсен жеткілікті, одан зияны болмайды. Денсаулығынды сезінгін келсе тойып тамақ ішпе деген сөз бекер айтылмаған. Көңіл күйге де байланысты, үнемі тұнжырайып жүретін адамдар семіздікке бейім келеді екен.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
7 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 4.03.2015 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...