0 дауыс
1.4k көрілді
Мен семизмин, 75 кг, 65-ке дейин арыктадым, бирак кайтадан семирип алдым, диета устайм, кишкентай бир нарсе жесем болды, арыктамай калам, дым жемей тек шай мен журсем карным ашып басым ауырады, не истесем болады?

3 жауап

+1 дауыс
Семіз болсаң несі бар екен оның?Қайта денің сау болғанына қуанбайсың ба?Диета ұсамай-ақ қой.Қалағаныңша ішіп-жей бер.Әйтпесе асқазаның ауырып қалады.Ең бастысы денсаулықтан артық ештеңе жоқ.Менің мектептегі бір мұғалімім арықтаймын деп жүріп,істемеген нәрсесі қалмады Соңында ол ауырып,қайыс болып кетті.Сондықтан Алланың өлшеп бергенімен жүре бергенің дұрыс деп ойлаймын.
0 дауыс

Мына сілтемелерді қарап көрш.

https://surak.baribar.kz/246256/

https://surak.baribar.kz/347573/

https://surak.baribar.kz/264513/

https://surak.baribar.kz/20631/

https://surak.baribar.kz/48970/

https://surak.baribar.kz/53153/

https://surak.baribar.kz/317664/

https://surak.baribar.kz/297742/

https://surak.baribar.kz/347573/

 

0 дауыс

Америкалық ғалымдардың соңғы зерт­теу­леріне сүйенсек, спортпен тұрақты түрде ай­на­лысу арқылы денедегі артық майдан, артық сал­мақтан құтылуға болатыны рас. Бірақ бұл жер­де ескеретін бір жайт бар. Мысалы, та­мақтану жүйесін өзгертпеген жағдайда спорт­пен қан­ша айналыссаңыз да, салмағыңыз азай­­­майды, керісінше, ұлғаюы мүмкін. Ең қа­уіп­тісі ту­ра спортзалға барар алдында тойып та­мақтану бо­лып есептеледі. Мұндай жағдайда іш­кен-жегеніңіздің бәрі денеңіздің салмағын арт­тыруға қызмет етеді. Сол сияқты дене жат­ты­ғуларынан кейін де «қарным ашты» деп қо­лы­ңызға түс­кеннің бәрін талғамай жей берсеңіз, организм жұмсалған күшті қалпына келтіруден гөрі май қорын түзуге көбірек жұмыс істейтін болады. 

Егер де спортзалға арықтау мақсатында бар­ғыңыз келсе, жаттығуға дейін, яғни бір жа­рым сағаттай ештеңе жемегеніңіз жөн. Ал спорт­залдан шыққаннан кейін балық, ет, ірім­шік тәрізді бұлшық ет массасының түзілуіне қа­тыс­сыз белоктық, майлы емес өнімдермен жү­рек жалғаған артықтық етпейді.

...