Мектеп | 17.0k қаралды
Даланың ұлы  тақырыбына әдеби эссе жазу керек?

2 жауап

Даланың ұлы эссе жазу керек
Өзінің туған жері туралы өлең жазбаған ақын кемде-кем. Қай ақынның да өзі туып-өскен жері - Жер-Ананың жерұйығындай қасиетті. "Дала, сенің ұлыңмын!" атты шығармасында да Жарасқан ақынның атамекенге, елге деген "махаббаты, сүйіспеншілігі көркем айшықталаған. Туындыда "Туған дала" сөзі жиі қайталана отырып, айтылар ойдың темірқазығына айналған. Поэма "Туған дала... Сенсің биік тұғырым!... Сенсің менің абыройым, мақтаным!..." деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман - автордың өзі. Тебіріне жырлаған ақынның шығармасында дала ұғымы тек бір аймақтың аумағын білдіретін географиялық мекен емес, ол - Отан, атамекен, ұлт, дәстүр секілді ұлы ұғымдарды айқындаушы образ. Ақын туған өлкесінің тарихын зерделеп, оның алдындағы перзенттік парызын, жауапкершілігін терең сезінеді. Ақындық жолының басты шығармашылық нысанасына айналатынын ашық айтады сезіндіреді. Дала – поэтикалық образ. Ақын дала дегенде, ең алдымен, туған халқын, оның жомарт мінезі мен батырлығын, әр алуан психологиясын ұғынады.
124,470 сұрақ
315,031 жауап
153,262 пікір
70,539 қолданушы