0 дауыс
7.7k көрілді
Сіз қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған тұлға деп кімді айтар едіңіз?Және не үшін олай ойлайсыз?

15 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине қазақта мақтан етер арыстар көп!Алайда солардың ішінде мен Абай Құнанбаев,Мұқағали Мақатаев,Мұхтар Шаханов,Мұхадас Балжанов деген ұлы тұлғаларды аса құрметтеймін өлеңдерін шығармалары сүйіп оқыймын!Мен оларға еліктемеймін тек өлеңдерңн оқып,керек жерінде өмір сабағын алып отырамын!Әсіресе Мұхадас Балжановтың өмір шындығын ащы баяндап жазған шығармаларын сүйсіне оқыймын!Мұқағалидің барлық өлеңі жаныма жақын,Мұхтар Шахановтың махаббат жайлы достық жайлы жазған шығармаларын оқый отыра кейіпкерлерді саралап қарағнды жақсы көремін,Ал Абайдың бар өлеңінен ғибратты сөздерді оқып сөз қадірін түсінемін!
+1 дауыс
Менің ойымша Абай Құнанбаев
дұрыс айтасың!
+1 дауыс
Абай Құнанбаев. Абай жолы романын оқу арқылы танып білуге болады. Сондай керемет!!!!!
Иә Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романы өте керемет!
0 дауыс
Кенесары шығар деп ойлаймын.
неге олай ойлайсыз ?
0 дауыс
Мен үшiн ұлы тұлға Абылай хан. Оның саясаты керемет жүйеде құрылған. Қазақ халқы үшiн өшпес артында iз қалдырды.
+1 дауыс
Мен үшін ұлы тұлға Қасым хан.Ол алғаш қазақ хандығына заң құрған.Сондықтан Қасым ханды қазақтың ұлы ханы дейді
Иә шығарған заңы қателеспесем Қасым ханның қасқа жолы деп аталады!
0 дауыс
Абылай хан. Казах халкы ушiн бiраз тер токкен.
+1 дауыс
Керей мен Жәнібек.                                             .
+1 дауыс

Әбу Насыр Әл-Фараби                .

келісем!
0 дауыс
Токугава)))))))))))
Жапон жазушысы Рюнеско Акутагавама ?
+2 дауыс
Өте қиын сұрақ, қазақтың қамын жеген ұлы тұлғалар жетерлік, қай замаманда да табылады (сіздің сұрағыңыз жас сәбиден "папа мен маманың қайсысын жақсы көресің" деген сияқты болып кетті)
0 дауыс
Қазақта асыл тұлғалар көп! оны жік-жікке бөліп саралап-сараптап отыруды қажеті шамалы.Мыңнан тіпті милиардтан бір туатын асыл азаматтарымыздың артына қалдырған өшпес мұрасымен сусындап өсу, оны қадірлеп-қастерлеу, әрбіреуімізге қасиетті парыз екенін ұмытпайық !  Әр тұлғаның қазақ тарихында өзіндік өшпес орны мен ерекше қайталанбас сәулесі бар. ал менің өзмнің жеке басымның ішім тартып жақсы көретін ақыным Абай жазушым Әуезов.
ия соны айтам, бөле жарып керегі жоқ, мысалы меніңше ақын Мұқағали, жазушы Оралхан
0 дауыс
Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек!
0 дауыс
Шынгысхан Абылай хан
Шыңғысхан монғол!
0 дауыс
Бүкіл әлем халықтары үшін (ЮНЕСКО) соңғы екі мың жылдың ең ұлы тұлғасы Шыңғыс қаған.

Атам Қазақтың шежіре-дастандары да тура осылай атайды.

            Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлапты:

          ...Кешегі Дүиім Баян кеткен соң

          Алты жыл анық өткен соң,

          Ар-сар болып жүрегі,

          Қанға толып білегі,

          Шыңғыс туды Арқардан?.(2)

          Оның туған тұқымы

          Патша болып таралған.

          Осы бір сөздер көңіліме

          Бұрынғы өткен үлкеннен

          Қағида болып қалынған.

          Шежіре болып жазылған

          Тілімі түзу бағытты

          Көңілім зерек қалыпты.

          Аңдаған жақын, алысты,

          Болжаған қисық, шалысты,

          Бұрынғы қарт атамның сөздерін

          Құлағым естіп, көргенін

          Осындай құралы келген жерлерде

          Шығарып жүрмін жарыққа.

          Шариғат қарап, жол пәмдеп.

          Мұсылманға үмбет деп,

          Атасын анық білмеген,

         Айтса болар мүрдет? деп..(3)

          2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.

          3 – Кәпір деп отыр.

          Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер  деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
 

          Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны  Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:

                          «Төле дейді ұранын,

                          Қоғалы дейді тұрағым,

                          Бақтиярдан ажырап

                          Бәйдібек бай, Жәнібек

                          Жалғыз ұлы Жарғышақ

                          Домалақ деген ананың

                          Албан, Суан, Дулат боп,

                          Бөлініп бері шығамын

                          Жарылғамыс, Жанту боп

                          Жаныстан келіп тарады

                          Патша менен ханы көп

                          Ілгері өткен заманның

                          Ұлы Шыңғыс ханыңды

                          Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.)  Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай  отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.
 

            Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.          

            «Дүйімбаян, Шыңғысхан –

            Нәсілің нұрдан жаралған,

            Халқына әділ қараған

            Ауыз тимей парадан,

            Пақыр-міскін, бай мен бек,

            Жарлы, жалсыз, аз бен көп

            Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.

                Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қазақ, Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:

                «Атамыз Адай – Мұңалдың

                Кіші жүздің ішінде

                Қарасам қатар теңі жоқ,

                Шашылған дабыл-даңқыңның

                Баяны болса кемі жоқ.

                Бүгінгі жүрген адамнан

                Дәрежесі артық жаралған,

                Адайдан Мұңал болғанда

                Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).

 

Адай- Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902):

                «Ақ ордасы Адайдың

                Үлкен үйім Мұңалсың,

                Батырда өзің, пір де өзің

               Ұлы жиын құралсың,

                Төрт мұңалым тұрғанда

                Басқасы келіп Адайдың

                Қолынан қалай ту алсын?!! (Жыр-дария. 43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!

 

               Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Маңғыстаулық Қалнияз ақын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:

               ... «Аржағым Алаш ұранды

               Ел едік байтақ құралды

               ...Хан көтерген қазақпыз

              Шыңғыс хан – арғы бабаңды»... деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары»  (52 бет).

 

«Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай.

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Кәпірден теңдік алуға,

Қайтып та келер деймісің,

Мұсылманның баласы,

Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның

зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.    

 

«Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,

Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,

Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел

Емес пе едің – жұртым саған не болды?!».. (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

 

 «Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,

 Жартысын дүниенің түгел алды.

 Талайын Европаның бас игізіп,

 Қорқытып Қытайға да алым салды.

 Қолына туып еді қан уыстап,

 Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.

 Қойылған Шыңғыстауға соның аты,

 Өзенін осы хақан кеткен қыстап.

 Ортасын араб, қытай түгел алып,

 Азия, Европаға жарлық салып.

 Мейірімді, алған елге әділетті.

 Кетеді, қарсыласса, қанға малып.

 800 туғанына жылдар толды,

 Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.

Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек,

 Отызға келмей тұрып бақыт қонды.

 Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде,

 Рахымды қол астында кірген елге.

 Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,

 Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге» Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қазақтың түп атасы» дастанынан.
 

                 «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,

                 Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.

                 Шыңғыстай данышпанның құр аты да,

                 Адамның жүрегіне жігер берер! (Мағжан Жұмабай).

 

                 «Шатастырып тарихтан адастырған,

Күнаһар қанша ғасыр аласұрған.

Шатпақтап шындығымды шырылдатып,

Алыпты «Зұлым» ол деп шатастырған.

Не пәлені жаппады Шыңғысханға

Халқы үшін жан пида соғысқанда

Әлемде теңдесі жоқ қолбасшы ерен

Жаһанға жақсылық деп тырысқанда.

Қоймайсың тарихымды кейде тұсап

Жата ма қап түбінде алмас пышақ

Ашылды алтын белі ақиқаттың

Егемендік еліме құшақ жайып.

Таны елім Шыңғыстың кім екенін,

Байтақ дала сағымды кең екенін

Азаттық қойып жатыр өз орнына,

Кімнің ез, кімнің кенен ер екенін.

Теңдесі жоқ тарихта адамзаттың,

Ел перзенті Шыңғысым ғаламатсың,

Қайтарылды ұлтына заңғар тұлға,

Биіктеп түра берер ғажап атың.

Болмаса Шыңғыс бабам, сайын далам,

Айдында, ай аманда қайырлағам.

Тігіп кетті қағанның үлы туын,

Бар әлем басын иіп мойындаған.

Тарихымды түлеткен алып бабам,

Қыранымсың мәңгілік қалықтаған.

Көтерілді көгіме Шыңғыс туы,» (Айтмұхамбет ЕСІМҒАЛИҰЛЫ, ҚР журналистер одағының мүшесі).
...