+6 дауыс
26.1k көрілді
Мысалы, Эйпл компаниясының басшысы Стив Джобс "Сократпен кездесу үшін барлық технологиямды берер едім" депті, ол үшін Сократ ұлы тұлға. Мен неміс ойшыл, философ Иммануи Кантты үлгі тұтамын, ол һте пунктуальный болған. Жауапкершілік пен пунктуальный болған адам еш уақытта артта қалмайды.
Көркем мінез иесі, ең әдемі, қайталанбас ұлы тұлға ол Мұхаммед Пайғабарымыз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын). Геттенің өзі де "Өзіме үлгі тұтар адамды көп іздедім, бірақ Мұхаммед Пайғамбардан (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзгені таппадым" деген. Сол секілді көптеген атақты философ, ғалымдар мойындаған адам.

26 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сталин - саяси және әскери қайраткер. Леонардо да Винчи -  әмбебап адам.   Шыңғыс хан.  Маған тарихи тұлға ретінде сол кісі ұнайды. (:
Қыз балаға қатал болған жараспайтын сияқты ма қалай?)) Обычно өмірге обидасы бар адамдар қатал болады ғой..
Шыңғыс хан* керемет таңдау)))
Қатал болғанда барлығына емес... Қазақша дұрыс жеткізе алмайтын сияқтымын)) Бірақ өмірге обидам жоқ емес, бар....
Эх, біздің балалық шағымызда ұлы тұлғалар Маркс , Энгельс, Ленин, Сталин дегендер еді.Тіпті баларының атын МЭЛС деп қоюшы еді. Енді бұрынғыдай идеология жоқ, әркім өзі біледі, кімді өзіне ұлы тұлға ететінін.
+2 дауыс
Мен "ҰЛЫ"деген сөзге лайықты Абай Құнанбаевты айтар едім.
+2 дауыс
Мен ұлы тұлға ретінде Абай Құнанбаевты айтар едім...
Ал оның қандай қасиеттерін үлгі тұтасыз? (чем он лучше других?)
1. Өмір бойы "Қайран, қазақ!" деп жаны ашып өтті.
2. Ұлтшыл, шовинист емес, "Орыстан үлгі алыңдар, орыстың тілі - дүниенің кілті" деп кетті.
3. Қазақ балаларын оқуға түсіріп көмектесті.
4. Халық үшін барлығына шыдады, сабап кетті, қартайғанында, буынында әл жоқ кезінде атқа да қонды, бай-шонжарлармен алысты.
5. "ЧЕМ ОН ЛУЧШЕ ДРУГИХ?" деген сұрағың ұяттау, білмегенің қиын екен. Абай Құнанбайұлы - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАС АҚЫНЫ, ӨЛЕҢ - ЖЫР ПАТШАСЫ.
6. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
+3 дауыс
Әбу Насыр Әл-Фараби. Ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Жан-жақты адам.
п+ полиглот! Екінші ұстаз (Аристотельден кейін) Жақсы таңдау :)
Екінші ұстаз*  Ілмектерді күштілеп жазыпсың)
+4 дауыс

Әркім өзінше өздеріне бір адамды үлгі тұтады. Сол адамның істеген істеріне таңдай қағып, сол секілді болғысы еледі. Ал, мен төрт тұлпарым деп атаған төр адамды үлгі тұтамын. Олар: қазақтың басын қосу үшін атқақонға Махамбет Өтемісұлы, ешкімнен сескенбеген нақақсыз жаланың құрбаны Мағжан Жұмабаев, Қазақ жұртын сыртқы жаудан қорғаған батыр Бауыржан Момышұлы және ақиық ақын Мұқағали Мақатаев!

+6 дауыс

Менің үлгі тұтар адамым - Әкем!  Сендер мені  түсінбеулерің де мүмкін.  Бірақ адамға ең адымен " алғаш" үлгі болар адамы әкесі деп ойлаймын!  Менің әкем ( ешқандайда атақты емес) қарапайым адам. Бірақ  әкемнің маған берген үлгі өнегесі ұлы адамдардан артық демесем кем емес! Мен үшін - тағдырдың ауыртпалығына мойымай , ұлын- ұяға, қызын қияға  қондырған әкем- Ұлы тұлға, Дана адам!)

Әркімге де ең алдымен ата-анасы үлгі ғой, ол түсінікті, ата-анадан бөлек деп сұрағым келген, жазуды ұмытыппын))
иааа)  менде жазуды  ұмытыппын " Менің өмірлік үлгі тұтар тұлғам сол - Әкем" )) Басқаларына  әкемдей болу қайддааааа))
0 дауыс
Мен Үшін тұоға ол Жанболат Мамай себебі ойлап қараңыздаршы жасы 24-тегі бала біреуі мамсының қойнында не болмаса әлі еркелеп жүрген бала ал Жанболат Мамай Халықтың сөзін сөйлеп елді ойлап жүр)
+1 дауыс
Мен үшін ұлы тұлға әрине Абайдан кейін ол НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ))) Мен бұл таңдауыма еш өкінбеймін. Бұл кісіні қай тұрғыдан қарасаңызда))) өздеріңіз білесіздер гой
+1 Келісемін! Әлемдегі ең үздік политик, ең үздік предидент - Нұр ағамыз!
қолдауыңызға рахмет! Бір-ақ адам менімен келіседі ма сонда)
Мен де келісемін. Тек халқының 30%-ы президентін жек көреді, неге екенін түсінбей келемін.
+2 дауыс
Мен өзіме жақсы адамдардың бәрін үлгі тұтам  бірақ ең алдымен Аристотель және өзімнің екі атамды ! Аристотель туралы айтатын болсақ ол ең алғаш физиканың барлық салаларын толықтай меңгерген ғалым. Оның айтуы бойынша жақсы адам болуға тәрбиелену үшін адамға оның дарыны, білімі және ынтасы көмектеседі екен.  Ал енді өз аталарым туралы айтатын болсам  аталарым  сабырлы ,байсалды, білімді  адамдар . Үнемі сол кісілерден улгі алуға тырысамын,.  Ол кісілердің ешқашан дауыс көтергенін көрген емеспін, Барлық істі байыппен сабырлы шешеді,, Үнемі ақыл кеңестерін беріп отырады, Болашақта сол кісілерге ұқсауға барынша тырысамын!!!
+2 дауыс
Мен үшін МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЕН үлгі аламын.
Сөйлеміңдегі "үшін" деген сөз артық)))) Бірақ келісемін. Мақатаев өз заманында қазақ әдебиеті үшін көп еңбек сіңірді.
0 дауыс
мен жошы ханды улги тутам Алтын Орда мемлекетинин негизин салушы
Шателесіп тұрған жоқсын ба?
+3 дауыс
Мен үшін  ұлы тұлға - Мұхаммед пайғамбар оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
(talk)  Келісем
Белгісіз
0 дауыс
Мен үшін ұлы тұлға бір Алла................................
Алла тұлға емес, адам емес. Алла-жаратушы. Алладан үлгі алу дегенді тек жақсы мағынасында түсінгім келеді. Алламыз  сияқты мейірімді, жомарт болғым келеді дегің келгені шығар.
0 дауыс
Юрий Лермонтов ше? Барлық ғылымнан хабары бар, әмбебап.
+1 дауыс
Мен үшін ҰЛЫ ТҰЛҒА  Америкалық программист және кәсіпкер,әлемдегі ең бай адам БИЛЛ ГЕЙТС,мен сол кісіні үлгі етемін.
...