+1 дауыс
17.3k көрілді
Мен мұнайлы даланың перзентімін эссе жазу керек. Ұлы дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  еліміздің  тарихын білуге, туған жерімізді мақтан етуге үйреніп, туған  елге, жерге деген сүйіспеншілік пен махаббат сезіміне үйрену; Ұлтжандылыққа, азаматтыққа, атамекенді көздің қарашығындай сақтай білуге қалыптасу; Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет Н.Назарбаев

1 жауап

0 дауыс

Менің туып-өскен қалам Атырау қаласы. Атырау қаласы Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.

Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.

1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа, әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі, ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсібін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды. 

→1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.

→1865 жылы уездік қала болды.

→1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы.

→1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы.

→1929 жылы Гурьев округінің орталығы.

→1930 жылы аудан орталығы.

→1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.

→1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады. 

Атырау облысының мәдени өмірі бай және мәнді болып келеді. М.Өтемісов атындағы драма театры, Н.Жантурин атындағы облыстық филармония, әйгілі Д.Нүрпейісова атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, тарихи-өлкетану мұражайы, жасанды-қолданбалы өнер мұражайы бар. Сондай-ақ, мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау институты, университет, драма театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер, бала бақшалары, медициналық мекемелер жұмыс істейді.

Каспий теңізі мен Орал өзені балыққа, ал жер қойнауы мұнайға бай. Сондықтан өңірдің басты байлығы қызыл балық пен қара уылдырық, мұнай мен газ болып табылады. Қала елтаңбасында бекіре мен мұнай мұнарасы бекер көрсетілмеген. Бүгінгі Атырау – Қазақстанның негізгі көмірсутек аймағы, мұнай мен газды өндіру бойынша ең ірі орталық, келешегі бар қаржыландыру нарығы. Ал Атыраудың қара уылдырығын ТМД мен Еуропада жақсы біледі.

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ, ыстық, ал қыста қарлы, ылғалды. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.

Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 2 кенттiк әкімшілiк (Балықшы, Жұмыскер), 7 ауылдық аймақ (Ақсай, Атырау, Геолог, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 28 елдi-мекен бар. Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер кенті, бұрынғы Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылған.

...