0 дауыс
839 көрілді
Түшкіру,жөтелу жоқ. Бірақ тізем мен тағы бір жерім мұздай болып тұрады содан қалай құтылуға болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Үлкендердің көпшілігі аяғын баса алмайтынын, түнде аяқ-қолы сырқырап ұйықтай алмайтынын, күндіз тізесі бастыртпай ауыратынын жиі айтады. Тіпті белі көтертпей, таяққа сүйеніп жүретіндер бар. Соңғы кезде бұндай сырқат түрі жасы отыздан асқан азаматтардың арасында да белең ала бастады. Себебі неде? Аурудың емі қандай? Облыстық медициналық орталықтың ревматология бөлімінің меңгерушісі, жоғары дәрежелі травматолог дәрігер, ортопед, медицина ғылымының кандидаты Серік Исаев буын ауруларын заманауи әдіспен емдеуге күш салынып жатқанын айтты.

Дәрігердің айтуынша, аурудың алдын алмаса, соңы мүгедектікке соқтыруы мүмкін. Аурудың қауіптілігі де осында. Буындардағы шеміршекаралық майдың таусылуы, сүйектердің қисық бітуі, жарақат салдарынан сынған сүйектердің дұрыс бітпеуі, ревмотологиялық аурулар түрлі буын сырқатына әкеліп соғады. Артық салмақ және жейтін ас, ішетін судың сапасыздығы да ауруға соқтырады. Мәселен, остеоартроз, коксартроз, остеохондроз секілді аурулар кезінде адам жүре алмайды. Жамбас, тізе буындағы буынаралық шеміршек майы азайып, екі сүйек бір-біріне қажалады. Алғашқыда аздаған ауырсынуды адам елемей, жүре беруі мүмкін. Кейде ауыр жұмыс істегенде, көп жүргенде, бір жерде ұзақ отырғанда, баспалдақпен жоғары көтерілгенде адамның буын-буыны сырқырап, бел мен жамбас сүйектерде ауырсынулар болады. Бірақ демалғаннан кейін, ауырғаны басылады. Осылай жалғаса береді. Бірақ сүйектер қажалған сайын ауырсыну күшейіп, адам тізесін бүге алмайды, ақсаңдап жүретін болады. Бірте-бірте ауру үдеп, тіпті қарыс қадам жүрудің өзі мұңға айналады. Аурудың соңғы сатысында дәрі-дәрмек те, жақпа май да көмектеспейді. Тек қана буын ауыстыру, яғни эндопротез салу керек.

— Бұрын егде жастағы адамдар буын ауруына жиі шалдығатын. Қазір, қынжылтатыны, ауру жасарып бара жатыр. Тіпті отызға толмаған жастардың жамбас, тізе буындарына ота жасаймыз. Бүгінде буын  ауыстыру отасы күн сайын жасалады. Жалпы буынды эндопротездеу 2010 жылы қолға алынды. Содан бері 500-ден аса операция жасалды, — дейді дәрігер.

Қазір орталықта америкалық «Stryker» фирмасының протездері пайдаланылады. Протездер арнайы металл мен полиэтиленнен жасалған. Адамның өмір сүру салтына байланысты полиэтилен протездер 20-25 жылға дейін желінбейді. Қозғалмалы пластина желінген кезде ол ауыстырылады. Барлығы адамның өмір сүру салтына байланысты. Артық салмақ, шамадан тыс қозғалыс пластинаның тез мүжілуіне әкеліп соғады.

— Науқастың буынын ауыстырмас бұрын отаның тиімділігі мен отадан кейінгі асқынулар болатынын ескертеміз. Себебі бұл  оңай жасалатын оталардың қатарына кірмейді. Екі сүйектің арасына протез салу үшін сүйек бірнеше жерден дәл өлшеммен кесілуі керек. Қандай ота болмасын жүз пайыз кепілдік берілмейді. Сондықтан асқынулар болуы мүмкін. Іріңдеп кетеді. Кейбір науқасқа протез салғаннан кейін организм оны қабылдамайды. Бұндай жағдай науқас үшін өте қиын, ол буынсыз қалады. Бұндай кезде науқастың өзі психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек, — дейді травмотолог.

Бұндай жағдайда  дәрігерлер протезді алып, орнына цемент құяды. Кейін қайта салады. Сондай-ақ, протез дұрыс орнықпаса, шығып кетуі, түрлі инфекциялардың салдарынан іріңдеуі, ота кезінде сүйек сынып, жүрек тоқтауы мүмкін. Инфекциялық, яғни бронхит, өкпе қабынуы секілді аурулар отадан кейін асқынып, буынға зақым келтіруі мүмкін. Осындай жағдайлардың барлығы науқасқа ескертіледі. Ота жасалғаннан кейін науқас адам үш айға дейін жүруіне болмайды. Себебі протез сүйекке орнығып кету үшін артық қозғалыс жасамау керек.

Ауруханада ота жасатқанына үш күн болған Сағындық Қалниязовпен сөйлескен едік. Жасы жетпістен асқан қария төрт жылдан бері тізе буыны ауырады екен. Бармаған жері қалмапты. Уақыт өткен сайын ауруы үдеп, жүруден қалған. Содан портал арқылы ота жасатуға бекініпті. Қазір жағдайы қалыпты. Таяққа сүйеніп жүреді.

— Алғашқыда жүрексінген едім, қазір, шүкір. Ота ойдағыдай өтті. Дәрігер арнайы жаттығулар жасау керектігін айтты. Ұзақ жүруге болмайтынын ескертті.  Бұйырса, осы апта ауруханадан шығамын, — дейді Сағындық ақсақал.

Серік Исаевтың айтуынша,  буын ауруының неден пайда болатыны, шеміршекаралық майлардың не себепті таусылатыны нақты дәлелденбеген. Тұқымқуалаушылық, экологияның нашарлауы, қимыл-қозғалыстың аздығы, жейтін тағамның құрамындағы түрлі жасанды қоспалар буын ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қалқанша безі аурулары, қант диабеті, аяқтағы қан тамыр ауруларының салдары да  буын ауруларына әкеліп соғуы ықтимал.

Инвазитті емес әдістің тиімділігі

Деректерге сүйенсек, әлемде әрбір үшінші адам буын ауруына шалдығады екен. Еуропа елдерінде бұл сырқаттың алдын алу, оны емдеу үшін  түрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған. Кейінгі жылдары заманауи емдеу әдістері біздің медицинаға да енгізіліп жатыр. Медициналық орталықта пышақ тигізбей,  инвазитті емес әдіспен емдеу тәсілдері жиі қолданыла бастады. Мәселен, бұрын тізе буын аурулары кезінде тізені кесіп, содан кейін барып қана нақты диагноз қойылатын. Ал соңғы әдіс бойынша, дәрігер  үшкір құралмен тізені тесіп, арнайы аппаратпен  қарайды. Бұндай әдісті артроскопия деп атайды. Артроскопияның бір тиімді жері, бір сәтте нақты диагнозды анықтауға және буын ішіндегі кейбір ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ иығы шығып кеткен науқастарға да жаңа тәсілмен ем жүргізіледі. Бұрын аяқ немесе қолдың сынған жері пышақпен кесілетін, сынық тазартылып, содан кейін барып протез салынатын. Ашық жараға инфекция түсіп, соңы іріңдеп кететін жағдайлар кездесетін. Ал қазір сынған жерге арнайы темір салынады. Дәрігер рентген арқылы оны қарап, кеспей, бірден қозғалмайтын етіп бекітеді.

Буын ауырмас үшін не істеу керек?

Буын ауруынан құлан-таза айығып кету қиын. Бірақ сырқатқа шалдыққан адамдар мүмкіндігі келгенше 5 келіден артық салмақты зат  көтермеуі керек. Затты екі қолына тең салмақта ұстағаны жөн. Биік өкшелі немесе табаны тегіс аяқ киім кию зиян. Аяқкиім өкшесінің биіктігі 3-4 сантиметрден аспағаны дұрыс. Тоқтамай ұзақ жүру, денедегі артық салмақ та  буынға зиянын тигізеді. Дұрыс тамақтану  маңызды. Тәтті бұрыш, сарымсақ пен пияз, саумалдық (шпинат) пен ақжелек (петрушка) секілді көкөніс түрлері буынға өте пайдалы.
Ауырып тұрған буындарды қыздыруға болмайды. Егер буын қабынып тұрған  болса, кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ ыстық күнде аяқ шаршап ауырса, мұздай компресс жасаған дұрыс. Ал буын ауруының алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Дене жаттығуларын жасап, құрамында дәрумендері мол табиғи тағамдарды пайдаланған дұрыс.

Толығырақ: https://aqparat.info/news/2018/04/19/8816739-buyn_nege_auyrady.html

Ұқсас сұрақтар

...