0 дауыс
Жер туралы заң бойынша. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?
17.05.2016 908 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Ауылшаруашылығы үшін арналған жерлер Қазақстандықтарға бәсекелі сауда-саттық арқылы сатылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін әкімдікке өтініш білдіру керек. Әкімдіктер сауда-саттықтың өтуі туралы хабарландыруларды оның өткізілетін күннен күнтізбелік он бес күн бұрын  кешіктірмей жариялайды.

Сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайтынан және  Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.

2016 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн. га ауылшаруашылық жерін сатуға шығару жоспарланған.
17.05.2016

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы