0 дауыс
223 көрілді
Егер де, шетелдік 50%-дан кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға жер туралы шектеуді айналып өтпей ме?

1 жауап

0 дауыс
Бұл күмәнді сейілтсек деймін. Заңға сәйкес бұндай жер телімінің иесі шетелдік азамат емес, заңнамамыз бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін, тіркелген Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік қатысушылар құрамынан шыққысы келсе, онда ол заңнаманың талаптары бойынша жеке меншік құқығына өзінің жер үлесін ала алмайды.

Бұл жағдай – заңды тұлғаның қатысушысы жұбайлар болып, оның біреуі шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұдан басқа, қазақстандық компанияда акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені, тіпті акцияның 100% үлесіне ие шетелдік акционердің өзі де жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

 Айтылғандарды түйіндей келе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және қатысушылар құрамынан шыққан кезде шетелдік азамат өз үлесін жер теліміне жеке меншік құқығын емес, ақшалай түрде алады.
...