Жер туралы заңда жерді сатып алу қанша теңге тұрады?

0 дауыс
1.7k қаралым
Жер туралы заңда жерді сатып алу қанша теңге тұрады?
• Санаты: Жер туралы | 1.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жер телімінің нақты құны базалық ставкаларға сәйкес анықталады, оны әр өңірдің мәслихаты бекітеді.

Базалық ставкалар жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты түзету коэффициенттері қолданылады.

Мысалы, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де, яғни бағасы төмендейді. Жердің құнының соңғы базалық ставкасын мәслихат бекітеді.

Осы базалық баға аукционға қойылатын  бастапқы баға болып табылады.

Мысалы, Алматы облысының Талғар ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 га суармалы жер – 125 000 теңге, ал 1 га суармалы емес жер – 50 000 теңге тұрады.

Ұқсас сұрақтар

127,954 сұрақ
322,853 жауап
153,167 пікір
72,958 қолданушы