Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?

0 дауыс
896 қаралым
Жер туралы заң бойынша. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?
• Санаты: Жер туралы | 896 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Ауылшаруашылығы үшін арналған жерлер Қазақстандықтарға бәсекелі сауда-саттық арқылы сатылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін әкімдікке өтініш білдіру керек. Әкімдіктер сауда-саттықтың өтуі туралы хабарландыруларды оның өткізілетін күннен күнтізбелік он бес күн бұрын  кешіктірмей жариялайды.

Сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайтынан және  Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.

2016 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн. га ауылшаруашылық жерін сатуға шығару жоспарланған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,947 сұрақ
322,840 жауап
153,167 пікір
72,947 қолданушы