+7 дауыс
870 көрілді
Өздеріңіз білетіндей сұрақ жауап сайтының админі Ербол мына жерде ( https://surak.baribar.kz/blog/archives/17 ) сұрақ жауап сайтының әрі қарай дамуына қаржылай көмек қажет екенін айтқан екен. Сайт қолданушылары сайттың әрі қарай дамуына қолдан келгенше өз үлесімізді қосайық!!!

QIWI әмиян нөмірі: 7024556077

Мына жерде қалай ақша аудару керек екенін қарауларыңызға болады:

11 жауап

+5 дауыс
web money де қабылдау қоса самайсындарма
+6 дауыс
Қалайсыздар достарым. Осында Раушанбек досым көрсеткендей әркеттерді орында сайтымызға қолдап жіберсеңіздер. Сайтымызға тағы да бір доменді тіркеп қойсам деген ой болған еді. Көп түкірсе көл болады демекші сіздердің аздаған қаражаттарыңыз барлығын қосқанда біршама қаражат болады. Сайтқа қаржылай қажетті әрекеттерді істейтін едім, қанша дегенмен кей әрекеттерді істеу тек қолдан ғана емес қаражатпен шешілетін түрі бар. Соны істеп тастасам ба деп едім. Сосын www.surak.kz доменін алуға ағама өтініш жасап жатырмын, егер ол ағам жібіп қалса сайтты www.surak.kz доменіне көшірейін деп едім. Ешкімге міндеттеп немесе т.б. деп жатқан жайым жоқ менікі тек сіздерден өтініш. Қандай әрекет етсеңіздер де өз еркілеріңізде! :)

p.s. Сосын егер шағын болса да бір көзге ұрарлық қаражат жиналса соның бір бөлігіне силық алып конкурс ұйымдастырмақшы едім жаңа жылға қарсы! Оған қалай қарайсыздар?
жақсы екен...біздің қалада осы жыл жаңа жыл болмайды,тым болмаса сайтта жаңа жыл болсын.....
Баке доменін сатса ))сайты не болар екен ?
+4 дауыс
Ок,Ербол,көп болмаса да көмек беремін деп ойлаймын.
+5 дауыс
Көптің қолы көкке жетеді демекші қолдан келгенше көмек көрсетуге барынша тырысамыз!) ал жаңа жыл қарсаңында конкурс ұйымдастырсаңыз, тіпті керемет болушы еді!:) бұл ойыңызды мен құптаймын!)
+4 дауыс
бул жерде ешким комек бере алмайды. Ойткени тек ауызбенен айтып колмен истелмиди мысалы комек беремиз диди да бирак ешким арекет жасамайды. Бирак  коментарига жазып кеткенин озинде комек беремиз деп,  сол создин ози комек шыгар деп ойлаймын журекти жибитип кояды да. ал нагызынан ешкимнин колынан комек кутпеген абзалырак. Мумкин озинизде артынан аякка турады деп умитимиз болады. Егер каласа.
Жоқ біз көмектесе аламыз...шын ниетімізбен қаласақ.....
+4 дауыс
Мара 77,неге олай дейсің,сайттың таза жанкүйерлері атсалысады деп білемін.Қазақта "Көп түкірсе көл"- деген бар емес пе,әркім өз шамасымен көмек қолдарын созуға болады деп ойлаймын. Әлем жомарт жандарсыз қалмаған шығар.3800 ден аса қолданушы бар,соның 10 - 20 пайызы атсалысса соның өзі жаман емес.
ойткени солай айтадыгой коментарига бирак комек берип жаткан ешким болмай шыгады мумкин  ишинен 2 немесе 3 пайызы гана бере алар бирак ол негизинен азгой .  ол комек болды деп те айта алмайсын. ол ушин басы биригу керек
+5 дауыс
Алла қаласа, мен ертең 10 аударамын, әйтеуір адаспай, комиссия жеп қоймай барса болар ед.... мен бай емеспін, маңдай термен тауып жүрген пендемін, тек осындай дені дұрыс, қазақ тіліндегі сайтқа қол ұшын бергім келіп отыр... (cash) (nod)
Азаматсың!
ия расындада азаматсыз!
+7 дауыс
Енді тіптен 200 теңге салса бұл ешқандай ұят емес, өйткені бұнда жастардың, мектеп жасындағылардың және істүденттер үлесі көптеу болып тұр, болғандықтан...
Жако айтпақтай "Көп түкірсе көл" болады дегеніне, 200-500 ден жинасақ бірталай сомма жиналып қалар еді...
Материалды көмектің аты, материалды көмек... бір жағынан Админнің қуанып, шабыттанып оның есесіне сайтымыз соған орай гүлденіп қалар еді...(жәнеде өзінің идеяларын іске асырғанға) 1000 тг-е кафеге бірақ рет отырып шығатын құн, ал 500-450 теңге бірақ рет ішкенге 1-ші және 2-ші гарнирі бар комплекстік тамақ (басқа заттармен теңеуімеде болар еді)
Сайттымыз  - бәрімізге ортақ білімнің қайнар көзі, ал білім - тонбайтын тоз (бір күндік нәрсе емес)
Негізі бұл ойларым бұйрық емес, жалыныш; өтініште емес, арыз - бұйымтай да емес, жай ғана ойым
Әркімнің өз мызғымас қалауы бар
+3 дауыс
QIWI әмиян деген кәдімгі терминал ма?..............
Аха кәдімгі терминалға барасың. Сонда электронды денги дегенге кіріп сонда qiwi кашелек дегенді басасын. сонда 77024556077 деп енгізіп ары қарай қажетті амалдарды орындасаң жеткілікті. Мына видеода көрсетілгендей істесен жеткілікті.
біздің қаладағы жағдаймен таныс шығарсыз,сондықтан бізде терминал жоқ,бәрін алып тастады немесе....
Сондықтан басқа қандай амал бар?
+3 дауыс
Үкімет қаржыландыру керек еді негізі. Біз оқушыларда қайдан ақша болсын, жұмыс та жасамаймыз.
Қазіргі заман үкіметке ауыз ашып отыратын заман емес қой негізі.(Өзімнің пікірім)
+2 дауыс
Көптен бері сайтқа кірмей кеткен едім. Сәлем барлықтарыңызға!  Мына хабарландыруды бүгін оқып отырмын. Көп түкірсе - көл демекші, барлығымыз  көмектессек, сайт бұдан да жоғары деңгейде  дамып, көптеген мүмкіндіктерге жол ашылатынына сенімім мол. Сондықтан, мен  қолдаймын  және басқа да қолданушылардың   бірауыздан қолдауларын өтінемін!
Сәлем Назира! Сенің мәнді де,мағаналы сұрақтарыңды сағынып қалдық.
...