+8 дауыс
356 көрілді

Көптен бері сайтта сұрақтарға жауап беріп жүріп бір нәрсені байқадым.Мектеп оқушылары сайтқа кіріп,үй тапсырмаларын көп жазатын болып кетті.Бұл жалқаулыққа алып барар бастама болмаса игі еді.Сондықтан есеп жазылғанда,соған ұқсас есепті жазып түсінік берсек,кейін соған қарап шығарады.Жаттығуларда да солай болса екен.Сонда аздап іздене бастайды.Нақты жауап жазылған сайын соған үйреніп келе жатыр.Мектеп табалдырығында жүріп,білім жолындағы қиындықты да сезе білсін.Егер ешкімнен көмек жоғын білгенде адам өзі талпынады.Ал сіздер қалай ойлайсыздар?Егер ойым қате болса ,модераторлар, жауып тастай салыңыздар!

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Ойың өте дұрыс. СЖ сайты шпаргалкаға айналып барады. Бұл туралы мен де бірнеше рет жазғанмын.

+4 дауыс

Мен сенімен келісемін,олар тырыспайтында шығар,шығарғысы келмей  осында сұрақ ретінде қойып мұғалімдеріне өзім шығардым деп барады.Бұл мүлдем дұрыс тек түсінбегенін сұрасын,үй жұмысын бізге емес оған берді ғой.

ия..сол арқылы олар бірінші жалған айтады,екінші білімсіз болады..
+2 дауыс
Оған шектеу қойып ескерту айтқанмен нәтиже шықпайды деп ойлаймын. Оны ата-анасы қадағалайды компта отыра бермей сабағыңды оқы деп ескерту береді. Ал біздер ескерту берсек кім болса да сөзді құлаққа ілмей экранның ар жағында батыр болатыны белгілі.
ескертуді тыңдайтын адам санаулы ғой..сол үшін үй тапсырмаларын нақты орындамау керек деп едім....
+2 дауыс

Оқымайтын баланы оқыта алуың екі талай.Дұрыс айтасыз бірақ бұрысын айтайын.

Сұрақ-жауап сайтында сұрақ қоюға жауап беруге кіреді.

әр жақсы да бір жаман....
+3 дауыс

Осыны мен өткен жолы айтқанмын,балалар осыған сүйеніп,мектепте сабақ үстінде мұғалімнің түсіндіргенін тыңдамауы мүмкін,СЖ сайтына кіріп сұрап алмғой деген ой туындайды.Біреудің шығарып берген есебі,біреудің жазып бергені оларға білім болмайдығой,түсініп шығармағасын.Біреудің шығарып берген есебін жазып алып ,көрсетіп соған жақсы баға алып,солай мектепті бітіріп шыққан балада не білім болады.Айналып келгенде өзіне қиын болады,кім оған әрдайым жазып беріп,шығарып беріп отырады.Осы айтқаным үшін оқушыларға жақпайтын болармын,бірақ білімді өз бастарыңмен,мұғалімнің айтқанын түсініп,дұрыс білім алғандары жақсығой өздеріне.

+1 дауыс
Дұрыс айтасыз өздері ізденгендері жақсы!
+2 дауыс

Тек қана үй тапсырмасы емес, басқа да жалқаулыққа алып келетін сұрақтар көп. Сұрап отырғаны ғаламторда бар екенін біле тұра, іздеп отыруға ерініп осында қоя салады. Мысалы: "мына адамның салмағы қанша?", "мына футболшы қай командаларда ойнаған?", "мына ойыншы неше гол салған?". Ғаламтордан іздеп қараса ол ойыншының карьерасын қай командадан бастап, қайсысынан аяқтағанын, қазір не істеп жүргенін, жасы нешеде, салмағы қандай, бойы қандай бәрі жазылып тұр ғой.

...