+2 дауыс
1.2k көрілді
Құрметті сайттың қолданушылары. Сайтта біраз қателер орын алып, сайттың кейбір мүмкіншіліктері істемей жатқан болатын. Сондықтан 3-4 күн бұрынғы базаны қайта орнатуыма тура келді. Мені түсініп қарайсыздар деген ойдамын. Енді мұндай жағдай болмайды деген ойдамын. Сіздер жинаған ақпараттың күйіп кеткендігіне кешірім сұраймын. Ол ақпарат сақтаулы, бірақ дұрыс жұмыс жасамайды. Сондықтан алдыңғы базаны орнатуыма тура келді. Назар аударғандарыңызға рахмет.

13 жауап

+3 дауыс
Мен модер болып жүр едiм. Ендi редар болып қалыппын. Бәрi қалпына келе ма?
Сау болыңыз, рахмет! :)
+1 дауыс
Мәәә,.... Менің сұрақтарым жоқ болып кетіптіғой! Жауаптар жарайды,сұрақтарымды айтсаңызшы! . . . . Жәрайт, ештеңе етпес! Бастысы сайттан қате шықпай, нот фоунд деп қалмаса болды))!!! Сайт енді осы өзгерістен кейін қайта өзгеріске ұшырамайма?! Тағы да сұрақ-жауаптарым жоқ болып кетпейме?!
Әлі де нақты білмеймін. Жалғыз сенің емес менің де ішім ашып отыр. Тіркелген 400 қолданушы, 450-дей сұрақ, 1000 шақты жауап т.б. пікірлер күйіп кетті. Ой қатты ішім ашып жатыр. Бірақ амал жоқ, осылай істеуге тура келді. Білмедім, қазірге сайт жеңіл істеп тұр. Алдағы уақытта қате шықса да, тым көп сайтқа ауыртпашылық түсірмеуі керек. Не де болса сайтты мықты серверге ауыстыру керек. Оны алдағы уақытта жақсы серверге ауыстырудың жолын қарастырамын. Егер ауысып кетсек, сайтта ешқандай қате болмайды, сосын сайт жылдам істейтін болмақ.
Иә, түсіндім ойыңызды! Көмек керек болса айтыңыз,барымызша,қолдан келгенше аянып қалмаймыз!
–1 дауыс

Осы сайт арқылы біраз мәліметтер алдық, білмегенімізді үйрендік. Әрі қарайда сайттың аудиториясы кеңейіп, жұмысы өркендей берсін деп тілейміз!

0 дауыс
Қалпына келсе болды! Одан басқа ештенке керек емес, рахмет Админ!
–1 дауыс
Басқа серверге көштіңбе? Қателіктер көп жағдайда базаны күнде бекап жасап тұрғанын дұрыс болар еді.
1. Ой екі жақты болып кеті!
2. 1Гб тық базаны көшіре беру оңай деймісің!
1гб база емес шығар. Егер дәл солай болса не базаға қате жазбаларға толып қалған. Сайттың көлемімен шатыстырып отырсың сен
Солай болар!
–1 дауыс
Ештеңе етпес!Әйтеуйір сайт аман қалса болды!
0 дауыс
Ереке, алдында қозған жайтты тағы да қозғағым келіп тұр. Қолданушылар болып жаңа сервер алуға қаржылай көмек берелік. Тек қана сіз жеңе шотыңызды ашсаңыз болғаны. Қолымыздан келгенше көмектесеміз. Алдағы уақытта осындай қиындықтар болмайтын еді.
Сөзіңмен келісемін. Сайттың төменгі бөлігіне сайтқа көмегіңіз деген жазу шығарып қойса дұрыс болар еді.Уикипедиядағы сияқты.
–1 дауыс
иә менің де сұрақ-жауаптарым жоқ боп кетіпті тіпті 3орынға түсіп кетіппін 300-400дей ұпайдан да айырылыппын
–1 дауыс
Менде де біраз сұрақтар мен жауаптар, 200 дей балдар күйіп кетіпті.
–1 дауыс
Енді мұндай қате болмайды деген ойдамын
0 дауыс

Сол ұпайдың керегі қанша ұпай ұпай деп зарламаңдаршы а!

ҰПАЙ ҰПАЙ ҰПАЙ ҰПАЙ ҰПААААААААААААААААААЙ!!!!!!
:Зарлаватқан смайлик:
0 дауыс
Не болды ози?тусинбедим?мен алдында киргенде недоступен деп турган тугын ,кирилмей,солма айтып жаткандарыныз?
Бұл бұдан он ай бұрынғы әңгіме ғой, сұрақтың қойылған уақтысына зер салсаңыз түсінесіз.
аа солай екенго байкамаппын
0 дауыс
Ескерткенинизге рахмет. Казакша дурыс жазбаганга ренжимениз. Менде язык ввод та казакша жок.
...