+5 дауыс
518 көрілді
Осы сайтта соңғы кезде тупо сұрақ қоятындар көбейіп кетті. Шын керек нәрсені нақтылап қойыңдар, Қайдағы нәрсені қоя бермей.. Өздері біліп тұрып қояды. Осыларға ескерту беріп, содан соң банға тықсақ қайтеді, қалай қарайсыңдар
Мысалы қай қолданушы?
қандай сұрақ қою әр қолданушының өз еркінде, ережеге қарсы сұрақтар болса жасырылып, жабылып тұрады.
@tanatarik осы қоданушы
кейбір сұрақтары қуып кеткенімен, кей сұрақтары қызықты))
Күніне максимум 10 сұрақ қою керек деген шектеу қойса тек керектерін қояр ма еді кім білсін. Мен солай ойлаймын

9 жауап

+3 дауыс
Оң бастама екен.Қарсы емеспін.
+2 дауыс
Тимур мен де осы мəлесе туралы сұрақ қояын деп жүрген едім. Нақты жауабы керек сұрақтар тупо сұрақтардың астына қалып қойып жатыр. Сайтқа деген қызығушылық та азайып кетеді. Бан берсе де қарсы емеспін. Бір екі ескертуден соң.
Иә,сіздің ойыңызбен келісемін бір ойланып жауап жазғын келсе,сұрақ жоқ көңілге қонымды.Алдымен гуглден қарап алғанның орнына бізден сұрайды,соған қоса сіз біз білетін "тупо" мән мағынасы жоқ.
+3 дауыс

Әсіресе,кешеден бері байқағаным Диас Бұзауов деген қолданушының сұрақтары.Егер бірдеңе туралы дерек қажет болса интернеттегі поискқа салыңыз,басқа адамдар тапқан нәрсені сіз де таба аласыз.Сосын анау ұнайма,мынау ұнайма деген сұұрақтардың не қажеті бар?!Ең болмаса ұнайтын,ұнамайтынын емес,несімен ұнайды деп,хоть себебін сұрамайсыз ба?Түк мағынасыз сұрақ.

 

Диас википедияның сұрақтарын қояды))
+3 дауыс
Иә, соны айтсам ешкім тыңдамай тұр ғо.
+1 дауыс
Баріңді қолдаймын. Қайтпек керек. Әрекет жасайық бірігіп. Қоғамды мазалайтын сұрақтар қажет деп ойлаймын.
Сұрақ қою жаман ба?
Танымайтын адамға,
Маңыздысы бәрінен,
Пайдаң тисін қоғамға.

Келіспесең онымен,
Пікір айтып көріңдер,
Сенде Үлкен тұлғасың,
Бөліссеңші ойыңмен...
+2 дауыс
Негізі жақсы бастама!
Бұл бастама емес.
+5 дауыс
Қолдамаймын) Осы сайттың қолданушылары арасында мектеп оқушылары бар әрі көп екенін ұмытпаған жөн. Барлығы қызық, сайтқа тіркелгеннен кейін сайттың берген мүмкіндіктерін пайдаланып көргісі келеді. Бірнеше сұрақтар қояды. Ал сұрақтың қойылу мақсатын Сіз біле бермейсіз. Барлығы Сіз ойлағандай емес.  Егер оларды "тупо сұрақ қойма" деп тыйып тастасақ, сайтты дамытайық дегеніміз қайда қалады? Ол да өспей ме, көкейіңді теспей ме? Бетін қағып тастағаннан кейін сайтқа кірмейді не барлығына минус басыыып отырады)) Одан Сіз шығасыз "Қайсысың маған минус басқан?!" деп) Бүгін болмаса ертең осылар өсіп, сайт мұрагерлері болып қалмай ма)
Менде қарсымын
Саған қарсымын.
+2 дауыс
Жаным Жәмилә қайда жүрсiң?
+2 дауыс
Өз ойымыздан шыққан сұрақ өзімізге "тупо" боп көрінбейді. Ойымызға не келсе соны қоя береміз ғой. Сайтты дамытатын сұрақтар мен тупо сұрақтарды ажырататын ереже жасау да мүмкін емес... Қысқасы, ой еркіндігі, сөз еркіндігі тым болмаса осы сайтта жүзеге асса жақсы болар еді...
...