+2 дауыс
529 көрілді

Міне Жаңа 2014жылдың келуіне санаулы сағаттар қалды, соған сіздердің бір ауыз тілектеріңізді естісек.

Ең бірінші барлықтарыңызға денсаулық тілеймін!

11 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаңа үміттің отын жағып кіріп келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!Барлықтарыңызға осы жыл ойлаған армандарыңыз орындалатын,мол бақыт пен қуанышты ала келетін жыл болғай...Жүздеріңіз шаттықтың,жүректеріңіз иманның,армандарыңыз сөнбес үміттің,болашақтарыңыз бақыттың нұрына толсын..Кіріп келе жатқан жыл ертегілер әлеміндегі сырлы ғажайыптарды шынайы өмірлеріңізге ала келсін.Денсаулықтарыңыз мықты,өмірлеріңіз ұзақ болып,мәнді ғұмыр кешіңіздер!!!!!!!!

Рахмет, сағанда құтты жыл болғай!
+3 дауыс

Мен  сжс  сайтындағыларға  денсаулық  және  бақыт  тілеймін.СЖС  бұданда  мықты  болып  көркейе  берсін.СЖС  қолданушылар  жақсы  жақсы  жауаптармен  сұрақтарды  жаудыра  берсін  деп  тілеймін

Әмин, айтқаның келсін!
+5 дауыс

2014 Жылкы -Жылы Жануяынызга Жаксылык, Жумыстарынызга Женiлдiк, Жандарынызга Жылылык, Жаркырап, Жотелмей, Жыламай, ЖАНА ЖЫЛДЫ Жаксылап, Жандырып, Жанымыздан, Жогалмай Журiнiз. Жана-Жылда ЖАГДАЙЫНЫЗ ЖАКСЫЛАП ЖОГАРЫЛАСЫН. Жолыныз Женiлдеп, Жумыстарыныз Жогары Журсiн. ЖАМАНДЫККА ЖОЛ ЖОК. Жылдан жылга жуптарымыз жазылмай жетебереик, жузимизден жылулык жогалмасын!!!

ахахах ЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖ
+3 дауыс

Бүкіл алаш жұртының басынақ бақ, өмірлерінен мән, үйлерінен ән, дастарқандарынан сән кетпесін. Жылдан жылға аман-есен жетейік.

Ал СЖ сайты ғаламтор жолында желісіне шаң жұқтырмай тек қана алдан көрінсін.

+3 дауыс
Барша Алаш жұртын келе жатқан 2014 Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл құт пен Береке алып келсін. Мақсатымызға жетейік. Алла бәрімізге иман нәсіп етсін! Тек жақсылықта күн кеше берейік!
анау Месси болсын 2014
+4 дауыс
Сiздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын.ТАГЫ ДА АЙТАРЫМ ЖАНА ЖЫЛ КУТТЫ БОЛСЫН!
+3 дауыс

Баршаңызға шын жүректен бақыт,зор денсаулық,молшылық пен бақыт тілеймін.бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

         Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,

         Құт-береке әкелсін баршаңызға.

         Аңсаған арманыңыз орындалып,

         Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

 

 

+2 дауыс

Жана Жыл сиздерге Жаксылык,Енбекте жана табыстар ,Куаныш,Мол Бакыт акелсин!!! Елимиз аман болсын!!Киыншылыктардын бари ески жылда калсын ,Ен бастысы Ата анамыз Бауырларымыз Аман болып Ар Жана Жылды солармен карсы алайык!!!Жана Жылда ойлаган армандарыныз Орындалсын!!! Бойдак жигиттер,кыздар бир бастарын екеу болсын)!!!СЖ сайтынын колданушылары кобейе берсин !!! Жана Жылдарынызбен!!!!!!!!
 

+3 дауыс

Құрметті Сұрақ-жауап сайтының барлық қолданушылары және достарым!!!Міне бүгін 2014 жылқы жылына қадам бастық.Сұрақ-жауап сайты әрқашан биік белестерден көрініп,сапасы бар қолданушылар көбейе берсін! Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін!

 

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

+3 дауыс

Жаңа жыл құтты болсын! Көп сөз көмір, аз сөз алтын дегендей басымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңа жылқы жылы құтты болсын!

+1 дауыс

Жаңа жыл құтты болсын.Міне,2014те келіп жетті.Сіздерге зор денсаулық,қуаныш пен шаттық,ұзақ ғұмыр,бақытты өмір тілеймін.

СЖС ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

...