+6 дауыс
726 көрілді

Сайт әкімшілігі кешірім өтінемін сіздерден.

Құрметті қолданушылар! Бүгін сайтымыздың аса қадірлі қолданушыларының бірі AL-ASTER досымыздың туылған күні. Шын жүректен құттықтаймын! 

Тілеймін болашағың жарық болсын!
Әр кезде жас жүрек жырға толсын!
Алдағы арманың орындалып,
Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын!

Уақыт аз қалды. Не дегенмен ниет қой. Сағат бүгінгі 00:00-ге дейін құттықтап үлгеріңіздер :)

9 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

Құрметті сұрақ-жауап сайтының қолданушылары!

Күтпеген сыйлық болды! :) Барша ізгі ниет танытқан адамдарға алғыс білдіремін! Жаратқанымыз әр пендесінің жақсылық жолында танытқан жомарттығына еселеп шапағатын жаудыруына тілектеспін! Қуанышты сәттеріміз көп болсын!

Құрметпен,

сұрақ-жауап сайтының қатардағы қарапайым қолданушыларының бірі,

Нұржол Табиғат

+6 дауыс

О Амиго туған күнің құтты болсын!

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

+2 дауыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRwRslUkR8GTwoQQHbGbBmn-lLZaHwipdeqmP8RaAlxFnpT4Mwq

ТУЫЛҒАН КҮНІНМЕН!САҒАН ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ,ЗОР БАҚЫТ ТІЛЕЙМІН.

+6 дауыс
Туылған күніңізбен ! Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттық орнауын, Жаратқанның шексіз қолдауын тілейміз! Бақытты болыңыз!
+1 дауыс

Туған күніңмен брат!

+5 дауыс

Туған күн құтты болсын! Денсаулық пен бақытты ұзақ өмір тілеймін!

 

+5 дауыс

Үлгердім , Аллаға шүкір!

Өз басым осы амигоға ризамын! Нұржол, сені шын жүректен туылған күніңмен құттықтаймын! Мәнді уақыт, ғұмырлы бақы тілеймін!

+5 дауыс
Ағасы туған күнің құтты болсын! Денің сау өмір жасың ұзақ болсын! Алдыңа қойған мақсаттарың орындалсын! Достарың көп болсын сол достарыңның арасында сыйлы бол дегім келеді!
+4 дауыс

AL-ASTER аға туған күніңіз құтты болсын.Жастан-жасқа жете беріңіз.Қуаныш пен шаттық,ашық аспан,күлімдеген күлкі,Жамбылдың жасын берсін,Өмір деген айдында өз теңіңді тауып бақытты да баянды өмір кешіңіз,Арайлап атқан таңның ақ шапағатын тілеймін.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 21.10.2013 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
+1 дауыс
4 жауап
...