0 дауыс
1.1k көрілді
"Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы ақпарат жазсаңыздар? Қазақмыс басшылығы кім, қай жылы құрылды. Қазақмыстың негізгі мақсаты не?

2 жауап

0 дауыс
Kazakhmys plc (Казахмыс, LSE: KAZ) – Қазақстанның алдыңғы қатарлы таукені және металлургия компаниясы.[2] Компания Штаб-пәтері Лондон мен Алматыда орналасқан. Компанияның негізі Балхаш көліауданында мыс өндіре бастаған кезде 1930 жылы қаланады. 1992 жылы «Джезказганцветмет» атауымен акционерленеді. 2005 жылдың қазанында Лондонның қор биржасына шығады.

Мазмұны

1 Иемденушілер мен басшылық
2 Қызметі
3 Құрамы
4 Дереккөздер

Иемденушілер мен басшылық

2008 жыл 4 наурыздағы компания акционерлері – директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким (45,76 % акция), орындаушы директор Олег Новачуг (6,53 %). Kazakhmys plc-тың 14,99 % -ы «„Самрұқ-Қазына“ ұлттық әл ауқат қоры» Акционерлік Қоғамына тиесілі. Kazakhmys plc-ның директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким сонымен қатар ENRC Kazakhstan Holding BV компания акциясының 25 %-ын сатып алу опционына ие. Корпорацияның директорлар кеңесіне Қазақтан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі – Болат Назарбаев те мүшелік етеді.

Қызметі

2007 жылы компанияға тиесілі мыс кені – дәлелденген 700 млн тоннаны, ал шамамен алғанда – 2 млрд тоннаны құрайды.

Құрамы

Kazakhmys Plc-тың негізгі еншілік мекемесі – «Корпорация Казахмыс» ЖШС – Қазақстанда 19 жер асты мыс кені мен 2 металлургиялық комбинаты бар. Kazakhmys Plc сонымен қатар Қазақстандағы теміржол жүйесінің басым бөлігіне және Германияда мыс өнімін шығаратын МКМ мекемесіне иелік етеді. Kazakhmys Gold (Kazakhmys Plc-тың еншілік мекемесі) Қазақмыс ПЛС – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Қазақмыс – толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. Мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады.
Қазақмыс – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.
Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады.
Топтың Бозшакөл және Ақтоғай деген екі ірі жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдарында бастайды.
Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1, Қазақстандағы ең ірі электр станциясының, 50 пайзының иесі. Топ сол станция мен иелігіндегі бірнеше ТЭЦ-терді меңгеру арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді.
0 дауыс

Мына сілтемені қараш БІЗ - Қазақмыс - Қазақмыс тарихы

...