0 дауыс
4.3k көрілді
Питондардың қай түрі ең ірі? Питон жылан туралы ақпарат жазсаңыздар?

4 жауап

0 дауыс

Торлы питон ( Python reticulatus ) әлемдегі ең ірі жылан атағына анакондамен таласады. Брақ питондардың ішінде ең ірісі болып табылады. Ол Бирма, Тайланд, Лаос, Вьетнам, Кампучия, Малайзия, Суматра, Филиппин, Ява аралында өмір сүреді. Торлы питон ылғалды ормандарда өмір сүреді және су қоймаларына жақын жерді мекендейді. Олардың денесінің ұзындығы 10 метрге дейін жетеді. Олар 20 жылға дейін өмір сүре алады.

0 дауыс
Әлемдегi ең алып жылан Малайзиядағы Борнео аралында француз зерттеушiлерi алып жыланды бейнетаспаға түсiрiп алыпты. Жыланды жергiлiктi тұрғындар Набау деп атайды екен. Оның ұзындығы 30метрден асады. Бұған дейiн Амазонка питоны яғни анаконда әлемдегi ең алып жылан саналып келiптi. Оның ұзындығы 18метр, ал жуандығы шамамен 82см-ге дейiн жетiптi. Ал оның қалыпты жағдайдағы ұзындығы 8метрдей болады екен. Бұл жылан Оңтүстiк Америкада өмiр сүредi.
0 дауыс

Питондар, торлы жыландар (лат. Pythonidae) – жыландардың бір тұқымдасы. Кейде жалғанаяқты жыландарға қосылады

Шығыс Жарты шардың тропиктік және субтропиктік аймақтарын мекендейтін 6 туысы, 27 түрі бар. Денесінің ұзындығы 1,5 м-ден (патша питон) 10 м-ге дейін (торлы питон, салмағы 100 кг) жетеді. Түсі бірыңғай қоңырдан қара шұбар түске дейін өзгеріп отырады. Негізінен тасты, қамысты және қант құрағы өскен жерлерді мекендейді. Суда жақсы жүзеді және сүңгиді, кейде биік ағаш басына өрмелеп шығады. Жоғарағы ерін қалқанында жылы қанды жануарлардың жақындап келе жатқанын сезетін 2 – 5 жылу сезгіш кішкене шұңқырлары болады. Торлы жылан негізінен сүтқоректілермен, бауырымен жорғалаушылармен және құстармен қоректенеді. Ірі питондар шиебөрі, жайра, қабан мен леопардтың балаларын тұтастай жұтады. Кейде адамға да шабуы мүмкін. Торы жылан жұмыртқа салып (ұзындығы 9 см, 107 жұмыртқа) көбейеді. Оларды біраз уақытқа дейін аналығы басады, себебі аналығының дене темп-расы қоршаған орта темп-расынан 12 – 15 С-қа жоғары болады, бұл жағдай жұмыртқадан ересек дарабастың тезірек жетілуіне жағдай жасайды және жыртқыштардан қорғайды. Табиғи жағдайда питондар 25 жылдай өмір сүреді. Кейбір елдерде Торлы жаланның еті мен майын тағамға, терісін түрлі әшекей мүліктерін жасауға пайдаланады.

0 дауыс
торлы питон ғой

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
10 жауап
+6 дауыс
10 жауап
Белгісіз 4.05.2011 Жануарлар сұрақ қойды
0 дауыс
12 жауап
...