+2 дауыс
10.1k көрілді
Аяғы жоқ , қолы жоқ Жылан қайтiп күн көрер? Құйрығы жоқ, жалы жоқ Құлан қайтiп күн көрер? -деп Асан қайғы атамыз жырлапты. Шынында жылан немен қоректенедi? Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қалай қозғалады?
Барлық жауаптар үшiн рахмет. Керемет мәлiметтерге ие болдым! Рахмет!

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жыланның түрі көп. Соған байланысты қоректері де алуан болады. Балықтармен, қосмекенділермен, ұсақ құстар және кеміргіштермен қоректенеді көбісі.
+4 дауыс
Патша кеңалқым жылан (лат. Ophiophagus hannah) - аспид тұқымдасы. Әлемдегі ең ірі улы жылан, ұзындығы 5,5 м. Түсі бірыңғай сарғыштан сарғыш-жасылға дейін өзгереді. Денесінде қисық қара жолақтары бар. Бұл жылан Оңтүстік, Шығыс Азияның тропикалық ормандарында таралған. Жылан тіршілік белсенділігі күндіз байқалады. Ағаштарда жақсы өрмелейді, суда жүзеді. Қорегі, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, жыландар, олардың арасында крайт және кеңалқым сияқты улы жыландарменде. Ұрғашы жылан үйіп, жапырақтармен жауып 40 жұмыртқа салады да, оны әрдайым күзетеді. Жыланның уы өте күшті жүйке, салдандыру әсері бар, барлық жануарларға қауіпті.[
+2 дауыс
Кәдігімгі бұзауды да жұтып қоятын жыландар кездесе береді.
+4 дауыс
Жыландар( лат.Serpentes) - бауырымен жорғалаушыларкласы қабыршақтыларотрядының бір тармағы. Толығырақ Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түндебелсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді. Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі. Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді. Жыландар Жершарына кең тараған (тек Антарктидадағана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрібелгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі –сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:соқыр жыландар(1 түрі),айдаhарлар(2 түрі),сарыбас жыландар(12 түрі), сұржыландар(2 түрі),бозша жыландардың(1 түрі) 18түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді. Жыртқыш түрлерітышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздарменқоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа (қарашұбар жыландар,гюрзалар, т.б) салады, ал кейбіреулері ( сұржыландар,бозша жыландар, т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» депатайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер жәнежәндіктермен қоректеніп пайдада келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады. Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, (айдахар), мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін., (opmauta 200). Кеуде сүйегі жоқ,дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткенмөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айр Бас сүйектері бір-бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді. Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқыржыландар, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілікетеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.
+2 дауыс
Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректенеді
+2 дауыс
Жұмыртқаны жейді деп естігенмін
+2 дауыс
Тышқанмен қоректенеді көбінесе
+1 дауыс
әртүрлі құстармен,шаяндармен,тышқан және оның тұқысдастарымен,т.б. көп қой
0 дауыс
Қара торғай немен қоректенеді ?
0 дауыс
Черная смародина. Жабайы шайтан мық деп атайды ау дим. Соны жылан жейді екен. Қорада осіп тұрса жұлып тастау керек дейді.
...