0 дауыс
288 көрілді
Менің жолдасым Қазақмыста жұмыс істеді. Көзі тірісінде оған кәсіби сырқатына келтірілген залал үшін өтемақы төленетін. Жесір ретінде менің қандай құқықтарым бар? Мен залалды өтеу жөніндегі жәрдемақыны ала аламын ба?

1 жауап

0 дауыс
Азамат қайтыс болғаннан кейін денсаулыққа кері әсер үшін төленетін өтемақы тоқтатылады (Қазақстан республикасының заңдарында қаралған жағдайларды қоспағанда). Мәселен, егер азаматтың өліміне өндірістік жарақат немесе кәсіби сырқаттың әсер еткені анықталған жағдайда, Азаматтық кодекстің 940-шы бабы бойынша оның зайыбы төмендегідей жағдайларда өтемақы өндіріп алуға құқылы:

Егер ол жұмысқа жарамсыз болса және қайтыс болған жұмысшының асырауында болған жағдайда немесе жұмысшы қайтыс болғанға дейін оның қамқорлығында болу құқығына ие болған жағдайда;

Ол жұмысқа қабілеттілігіне қарамастан жұмыс істемесе және қайтыс болған жұмысшының қамқорлығындағы балаларын, немерелерін, он төрт жасқа толмаған (жас балалар) немесе аталған жасқа жеткен, бірақ, медициналық органдар тарапынан «денсаулығына байланысты басқа біреудің күтімін талап етеді» деп танылған іні-қарындастарын бағып отырған жағдайда. Сонымен қатар, егер ол балаларды бағу барысында жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайда бағымындағы балалар өскеннен кейін де денсаулыққа келтірілген шығынды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.

Егер ол қайтыс болған азаматтың қамқорлығында болған болса және жұмысшы көз жұмғаннан кейін 5 жыл ішінде жұмысқа жарамсыз болып қалса.

Өтемақыларды төлеу мерзімі: жасы елу сегізден асқан әйелдерге - өмір бойы; мүгедектерге – мүгедектік кезеңінде; қайтыс болған жұмысшының қамқорлығындағы балаларын, немерелерін, іні-қарындастарын бағып отырғандарға – сол балалар он төрт жасқа толғанға дейін немесе денсаулығы түзелгенге дейін төленеді.
...