0 дауыс
391 көрілді
Қазақмыс қызметкерлері қиын жағдайларға тап болғанда компанияның көмегіне жүгіне ала ма? Қандай жағдайда? Мұндай өтініштерді қалай рәсімдеген жөн? Мұндай жағдайларда жұмыс берушінің қандай құқықтары бар?

1 жауап

0 дауыс
Ұжымдық келісімшартқа сәйкес, жұмыс беруші корпорация Жұмысшыларына төмендегідей әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер береді:
1) Бекітілген тегін медициналық қызмет тізіміне сәйкес, Корпорацияға тиесілі медициналық мекемелерде Жұмысшыларға тегін медициналық қызмет көрсету.
2) Ауыр және зиянды (аса зиянды) жұмыстарда істейтін, қауіпті жағдайда еңбек ететін жұмысшыларға, сондай-ақ, қамқорлығында 4 немесе одан да көп баласы бар көп балалы аналарға уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты төленетін айлық жәрдемақыға қосымша төлем төлеу; қосымша төлемдер мен айлық жәрдемақының жалпы сомасы 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы тиіс.
3) Жұмысшының зейнетке шығуына байланысты еңбек келісімшарты бұзылған жағдайда Жұмыс беруші оған бір реттік жәрдемақы төлейді:
- корпорация 10 жылдан астам уақыт бойы зиянды жұмыста, қауіпті жағдайларда еңбек еткен жұмысшыларға 50 мың теңге көлемінде;
- зиянды жұмыстарда, қауіпті жағдайда 5 және одан да көп уақыт еңбек еткен корпорация жұмысшыларына 25 мың теңге көлемінде;
- қалыпты жағдайда 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен корпорация жұмысшыларына 15 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.
4) Жерлеу және ақтық сапарға шығарып салу шараларын ұйымдастыруға ақшалай бір реттік төлемдер төлейді:
- жұмысшы, зейнеткер мен мүгедек, жұмысшының жақын туыстары (жұбайы, балалары, әкесі, шешесі), корпорация зейнеткері қайтыс болғанда – 70 000 теңге;
- өндіріс орнында қаза тапқан жұмысшының отбасы мүшелерінің біріне (жұбайы, балалары, әкесі, анасы) – 300 000 теңге төленеді.
5) Корпорация жұмысшысы балалы болған кезде – 25 000 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төленеді.
Төлемдер әр балаға жеке-жеке төленеді (егіз бала туылған жағдайда). Жәрдемақы ата-аналардың біреуіне беріледі (егер екеуі де корпорацияда істейтін болса).
6) Балалар үйінен немесе жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін корпорацияға жұмысқа орналасқан жетім балаларға 50 АЕК көлемінде бір реттік төлем төленеді.
7) Жұмыс беруші белгілеген тәртіп бойынша төмендегі санаттағы тұлғаларға тұрып жатқан қызметтік баспанасы қайтарымсыз негізде беріледі:
- өндірістегі бақытсыз жағдай салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың жесірлері;
- өндірістегі бақытсыз жағдай салдарынан жұмыс істеу қабілетінен айырылған 1-ші және 2-ші топ мүгедектері;
- корпорация зейнеткерлері.
8) Өндірістегі бақытсыз оқиға кезінде қаза болған азаматтың отбасының баспанасы болмаған жағдайда, Кәсіподақпен бірлесе отырып, көз жұмған жұмысшының отбасы мүшелерінің біріне (баласы, зайыбы) пәтер беру мәселесі қарастырылады.
9) «Кенші жаңқы» және «Еңбек даңқы» сынды салалық төсбелгілерімен марапатталған жұмысшыларға төмендегі көлемде бір реттік сыйақы тағайындайды:
III дәреже үшін – 50 000 теңге;
II дәреже үшін – 75 000 теңге;
I дәреже үшін – 100 000 теңге.
Салалық «Кенші даңқы» және «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің кавалерлеріне жыл сайын кәсіби мереке кезінде бір реттік сыйақы төленіп отырады; оның мөлшері кәсіподақпен бірлесе отырып белгіленеді.
10) Корпорация қызметкерлеріне өз балаларын жеңілдетілген төлем негізінде «Дошкольник» жекеменшік мекемесінің бала-бақшаларына беруге мүмкіндік жасау; Жеңілдетілген ақы мөлшері «Дошкольник» ЖМ жергілікті актілеріне сай белгіленеді.

Ұқсас сұрақтар

...