+1 дауыс
467 көрілді
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (өз бетінше 3 мың теңге табыс тапқан өтінішін ұсынған) тағайындауға бола ма?

1 жауап

0 дауыс

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау үшін табыс мөлшерін анықтау сауалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу» Ережесімен реттеледі.

Ереженің 19 тармағына сәйкес жиынтық табысты есептеу кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

Осыған орай, Ереженің 21 тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтініште көрсетілген мөлшерінде есептеледі.

Ақпарат көзі. http://www.mzsr.gov.kz/kk/taxonomy/term/54

...