0 дауыс
37.1k көрілді
1728 жылғы Бұланты шайқасы туралы ақпарат жазсаңыздар?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұланты – білеуті шайқасы

1728 жылы көктемде Ұлытау етегінде, Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы Қарасиыр жазығында қазақ пен қалмақ әскерлері шешуші шайқасқа түсті. Шайқаста Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы сынды көрнекті қолбасшылар, Тайлақ, Саңырық мергендер ерлік көрсетті. Бұл жорықта қазақ жасақтары жеңіске жетті, ал жоңғарлар зор шығынға ұшырап, кері қашты. Сол жеңістен кейін жазықтың орталығындағы төбе «Қалмақ қырылған» атанды.
Шайқас қазақ жауынгерлерінің рухының мықтылығын көрсетіп, бірлікте кез келген жауды жеңе алатынына көз жеткізді.
Тарихта Бұланты-Білеуті шайқасының маңызы ерекше. Өйткені бұдан кейін қазақтар үстемдікке ие болып, жоңғарлар басып алған жерлерді азат ете бастады.

Бұланты-Білеуті шайқасы болған жерге орнатылған ескерткіш тақта

0 дауыс

Бұланты шайқасы

Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.

Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...