0 дауыс
2.2k көрілді
Аңырақай шайқасы қазақ елінің құрылуына үлкен үлес қосқан соғыстардың бірі.Аңырақай шайқасы не себепті пайда болғаны және қандай пайда әкелді???

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Айбынды қазақ халқының арасында алтыбақан алауыздығы болып, жақын ағайындар бір-біріне ат ізін салмай кетті. Осыны пайдаланған жау әскерлері қазақ жеріне басып кірді. Жолында кездескендерді қиратып, ешкімді де аямады. От лаулаған жоңғар жұрты қазақтың шұрайлы мекенін өзінің қол астына қаратты. Бұған халық шыдай алмады.

Ақырында Үш жүз қазақтарының бір тудың астына жиналып, жоңғарға қарсы жүргізді. Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.

Жаужүрек мың бала фильмі Аңырақай шайқасын сомдаған.
Тауып бергеніңізге рахмат
0 дауыс
Негізі арабтар мен қытайлардың соғысы аңырақай шайқасы деп аталады.
Оны АТЛАХ шайқасы дейді
0 дауыс
Жонгарлардын Казак хандыгына 7 багыттан 70мын аскеримен шабуыл жасауынан  туындаган Контайшысы Себан Рабтан болган
...