0 дауыс
947 көрілді
Мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретіндегі Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес орта мерзімді кезеңдегі негізгі экономикалық саясаттың негізгі мақсаты - теңгерімді экономикалық өсуді жыл сайын 7%-тен кем емес деңгейде қамтамасыз ету. Тұрақты және теңгерімді өсуді ұстап тұру шикізаттық емес секторды ішкі және сыртқы сұраныстарғабағдарлау арқылы дамытумен қамтамасыз етілетін болады. Орта мерзімді перспективада мемлекеттің экономикалық саясатының шешуші бағыттары тұрақты экономикалық өсу, гүлдену және қазақстандықтардың әлеуметтік салауаттылығына қол жеткізу үшін индустрияландыру инфрақұрылымын дамыту және адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы әртараптандыруды жеделдету болып табылады. Әртараптандыру шеңберінде дамудың экстенсивтік, шикізаттық жолынан индустриялық-инновациялық дамуға өту жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық саясат шеңберінде жүргізілетін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғырту экономиканы үдемелі әртараптандыру және шетел инвестицияларын елімізге тартуға ықпал етеді. Қойылған басымдықтарды негіз ретінде іске асыру ақша-кредит, фискалдық, инвестициялық және салалық саясаттардың құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын біртіндеп өткізуді болжайды

...