0 дауыс
8.6k көрілді
Мемлекеттің инвестициялық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері

1 жауап

0 дауыс

Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына,шаруашылық субъектілерінің кəсіпкерлік қызметіне əсер етуші құрал болып табылады. Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін арттыру, əлеуметтік мəселелерді шешу жəне басқа да əр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы. Мемлекет келесідей саясаттар арқылы инвестициялық бел сенділікке əсер етеді:• амортизациялық саясат;• ғылыми-техникалық саясат;  • шетелдңк инвестицияларды тарту бойынша саясат;• салық саясаты. Амортизациялық саясат дегеніміз – мемлекеттің амортизация лық аударымдарды есептеу мен пайдалану тəртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс жылдамдығын жəне сипатын реттеуі болып табылады. Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты деп – ғылыми-техниканың дамуы жəне олардың нəтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар жүйесін айтамыз. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша саясат дегеніміз– қолайлы инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Салық саясаты – деп белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық саясатқа əсер ету, сонымен қатар салықтық жəне кедендік баж салығы бойынша ынталандыру мен жеңілдіктер беруді айтамыз. Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – отандық экономи каның өсуіне жəне қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті белсендендіру болып табылады. Инвестициялық саясаттың міндеттері:• қаржы-несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру жəне төлемсіздік дағдарысын шешу; • жекешелендіруді аяқтау жəне бəсекелі экономикалық ортаны құру;• құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы құру;• жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;• нарық инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлен діру;• инвестициялық климатты жақсарту жəне қор нарығын дамыту мақсатында заң шығаруды жетілдіру; • салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пайдалана отырып, инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа жəне нарықтық əдістерін енгізу. Мемлекеттік инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты экономикалық өсудің нақты, тұрақты жəне үдемелі қарқынын, прогрессивті құрылымдық жылжуды, өндірістің мо- дернизациясын қамтамасыз ете алатын, əлеуметтік мəселелерді жəне елдің экономикалық қауіпсіздігі мəселесін шеше алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін ұйымдастыру шылық-экономикалық жəне нормативтік-құқықтық/жағдай туғызу болып табылады. Инвестициялық саясаттың құрылымы келесілерден тұрады:• салықтар жəне салықтық жеңілдіктер;• несие саясаты• кəсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу нысандары мен құралдарын таңдаудағы банктің функцияларын кеңейту;• амортизациялық саясат;• монополияға қарсы шаралар;• инвестициялармен танысу;• орталықтандырылған инвестициялау; • жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;• бағалы қағаздар шығару жəне олардың айналымы. Инвестициялық саясаттың тиімділігі – инвестициялық климатты жағымды жағына қарай өзгерту дəрежесімен анықталады.

...