+5 дауыс
1.9k көрілді
Бүкіл ел бұл өзгеріске қарсы екені ешкім үшін жұмбақ емес, демек неге басшылар халықтың қарсылығын есепке алып, оңтайлы бір шешімге келмейді?! осы тақырыптағы сіздердің ойларыңыз...
айелдердин 63 жаста зейнеткерлыкке шыгуына карсымыз

14 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл өзгерісті қайтадан қарап жатыр, егер әйелдер ұзақ уақыт зейнетке шықпаса, жұмыс жасаса жастарға жұмыс жоқ болады. Сондай көп адамдарды жұмыспен қамтамасыз ететін фирмалар, жұмыс берушілер жоқ. Сондықтан да бірте-бірте зейнетке шығу жасын ұлғайта береді, нақтырақ айтсам әйелдердің зейнетке шығу жасы 63-ке келгенше 1 жылда  0,5 жасқа ұлғаяды. Менің ойымша бұл дұрыс емес, себебі адамдарға сонау қартайған шағына дейін жұмыс істеу өте қиын. Орташа есеппен қазіргі кезде қазақстандықтар зейнетке шыққаннан кейін 9-ақ жыл өмір сүреді екен, ал егер зейнетке шығу жасын көтеретін болса халықтың зейнетке шыққаннан кейінгі өмірі тіптен қысқарып кетеді. Бұл әсіресе мұғалімдерге, дәрігерлерге т.с.с мамандық иелеріне өте қиын болады. Сонымен қатар егер олар 63-ке келгенше жұмыс жасаса жастарға жұмыс болмай қалады. Қазіргі кездің  өзінде қаншама жастар тіпті дипломы бол тұрып  жұмыс таба алмай жүр, егер зейнетке шығу жасы ұлғайса, онда тіптен жастарға қиын болады. Сондықтан да бұл өзгертулер бізге еш жақсылық әкелмейді.

–2 дауыс
Бұл талқыланып талқыланып тізесі шығып кетті уже

Солай болуы керек болғаны да....
хех))
жоғарыда қанша жұлдызша болса менің есімімде сонша әріп бар екен, не деген сәйкестік -))
ого  қанша әріп))))
В эфире "ПолеЧудес" назавета слова сразу или загадываете букву? :))))))))
Фотоның шетінде Димаш деп жазылып тұр, значит атыңыз Д-дан басталады)))
Әріптер өте көп екен,ойымдағы аттар келмей жатыр)))) Мүмкін атыңыз Дінмұхамед)))
аха, қуанышқаныма таныстым)))
))))))))))))))))
–7 дауыс
мен бұл саясатқа толықтай  қосыламын!
Cонда халық үшін қандай тиімді жағы бар деп ойлайсыз? Ойыңызды толық айтсаңыз?
Сонда өзің кемпір болғанша жұмыс істегің келе ма?
ia ia sonda kalay?
+1 дауыс
халыққа ақша бермеудің амалы ғой
+2 дауыс
Баяғы сол өздерінің қамдары ғой шығарғандардың.Соңғы жылдары билік басындағы әйелдер саны көбейіп келеді.Қастарындағы галстук таққандар сияқты креслода отыра бергісі келеді ғой.Әрине ондай адамдардың жасы 80-90ға келсе де отыра береді.Қарапайым халықты көздеріне ілмейді ғой.Жағдайын түсінбейді.НАН-ның өзі 100-ге дейін отыра беруге қарсы емес.Қарапайым адамдардың өзінде әйелдер еркектерден ұзақ өмір сүретінін ескерсек,креслодағы әйелдердің жағдайы қандай екенін біле беруге болады.Қазірдің өзінде монархиялық елге айналып келеміз,алға қарай нағыз монархияға айналамыз мына түрімізбен.Бұл да жатқан саясат.Саясаттан,елдің жағдайынан хабары барлар түсініп отырған шығар.
–2 дауыс
Біздікі жақсы ғо кайта жапондардыкы 70 жас қо
Қазақстандықтар мен жапондықтарды салыстыруға да келмейді,олардың орташа жас ұзақтығы дүниежүзі халқы  бойынша 1 орында тұр,әйелдерінің орташа жас ұзақтығы 86 жас
+2 дауыс
биликтеги ишип-жегендердин былыгын енди жасы келген айелдердин отеуі керекпа? алде биз омиримизди жасы келген,шаршаган даригерлерге тапсыруымыз керекпа, алде балаларымыздын билимин алжиын деген устаздарга тапсырайык па, сонда биздин елдин кай жери сауатты,кай жери дамыган,
Дұрыс айтасың, тым құрығанда дәрігерлер мен мұғалімдердің зейнетке шығу жасын ұзартпай-ақ, керісінше 53 жасқа қысқартса.
+2 дауыс
Өтпелі кезеңде жұмыс орындары жабылып ,жұмыссыз қалып,күйіп жүргеніміз аздай біз байқұстарды тағы күйдіріп жатыр.Әйелдер өміршең екен,бізден құтыла алмай жүрсеңіздер бізді бір шұңқырға апарып ,тірідей көме салсаңыздаршы әрине қарсымын
0 дауыс
Тәк, бұл теріс теріс деп қырылудың қажеті жоқ, тереңірек ойланып бір көрейікте. Мен ойлаймын бұл бір астарлы саясатпа деп. Өйткені еске алып көрелік Қазақстан тәуелсіздік алған жылы еркектердің зейнетақыға шығу жасын бірден көтерді сол кезде қараңыз орыстар тағыда басқа ұлттар яғни зейнетке шығуға жақын қалған өзге ұлт адамдарі бірден елдеріне қашты себебі өз елдерінде зейнетке шығу жасы төмен болғандықтан көптеп кетті қарттар, ал олардың жас мемлекетке тигізер пайдасы шамалы еді, осы саясаттың арқасында көптеген орыстардан құтылғанымыз анық! Енді әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру осындай саясатқа байланып отырма деп ойлаймын. Өйткені көп балалы аналар 63 жастан ерте зейнеткерлікке жіберілетін анық ондай қосымша заң қабылданады. Ол көп балалы әйелдер кімдер әрине қазақтармыз, сондықтан қазақтар ерте шыға береді зейнеткерлікке. Ал 63 жасқа дейін барып зейнеткерлікке шығатындардың көбі мына жоғары жұмыста отырған орыстар. Олар жандарын қинап 63 ке дейін жұмыс істей қоймас ресейге көшіп кетулері мүмкін себебі ол жақта зейнетке шығыу жасы әлдеқайда төмен...

Сонымен орыстар солай өз еліне зейнетке шығу үшін көшіп кетсе, жастарға жұмыс табылар сол орындардан деп билік саясатпен жүргізіп отырма деп ойлаймын
+1 дауыс
Үкімет өз артын өзі ашып жатыр (кешірерсіздер) Бюджетте ақша көп диді. Негізнде  жоқ. Сондықтан зейнет жасын ұлғайтпақшы. Өз ойым
+1 дауыс
Зейнет жасын ұзарту арқылы 2 млн доллар үнемдейміз дейді, ал экспо 2017 ге 2 млрд доллар шығындалмақшы. Бұны қалай түсінеміз?
Зейнетақыға бөлінетін ақшаны жеп қойған ғой, екім қайтарғысы келмейді, енді қайтсын ұзартпағанда))))
0 дауыс
Патаму чта патаму чта вам нужно работать деген
Мына жауабыңды өңде!  (айналдырған 1 сөйлемде 6-7 қате)
:D (giggle)
0 дауыс
Мен қарсымын. Әсәресе қара жұмыстағ  әйел адамдар үшін. Пайғаньарымыздын өзі ,5 мүшелді ғана атап өткен емес пе.? Демек 61 ден кейын қартық жасқа жатқызған.63 деген сүмдық  қои. Шал мен кемпырлерды жумысқа салып .  2 жеп (зейнетақысы нөм,  дайын мамандар дан айрылгысы келмейды) бйге шықпақ.Бұл заң қайта қаралып жатса, Ата-аналарыңыз ұшән кұресесыңдер. Қазақ әйелдеры құл емес.Анам 50 жасында,әкем 60 жасында шыққан. Олардын қалай қйналғанын көзім  көрді.
–1 дауыс
Шу көтеудің қажеті жоқ, болды бұл мәселе қайта қаралып жүзеге аспатын болды. Елбасы бұл заңды бекер қылды.
...