Қаражат, Ақша | 2.5k қаралды
2.5k қаралды
Қазақстанның қаржылық институттары және олардың инвестициялық үрдісті кеңейтудегі рөлі?

1 жауап

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табылады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табыла ды.

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
жауаптылық және есептілікте болу.

                Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.

Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

мұнай- газ сектор ы ;
электр энергетика сы ;
металлургия;
химия, мұнай- химия;
инфра құрылым .

Қордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту;
өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау.

Қаралатын міндеттер шеңберінде Қор мынадай функцияларды жүзеге асырады:

өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және (немесе) іске асыру, және (немесе) қаржыландыру;
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функциясын орындау;
экономиканың жаңа секторларын игеру және елден және де шетелден экономикалық жағынан тартымды активтер сатып алу;
Қазақстан аумағында жобаларды асыру негізгі басымдығы болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобаларды компаниялардың іске асыруы кезіндегі үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету;
отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту және экономиканың әртүрлі саласына инновациялар енгізу;
капиталдың дүниежүзілік және отандық нарығында капиталды теңгерімделген қарызға беруді жүзеге асыру;
шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыру;
компаниялардың топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдарының тиімді кешенді жүйесін құру;
өңіраралық экономикалық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы дамыту;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлерді серпінді дамытуды қамтамасыз ету.

Қор мынадай функцияларды да орындайды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу;
екінші деңгейлі банктерден жарияланған дауыс беруші акцияларды сатып алу;
әлеуметтік-экономкалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерде негіздемелі қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру;
ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
Қордың және компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуда отандық маңызды ұлғайту, компаниялар импорттық жабдықты ірі сатып алуды жүзеге асырған кезде өндірісті, жинау, жөндеу бойынша жұмыстар және оларға қызмет көрсетуді Қазақстанда оқшауландыру қамтамасыз ету бойынша тетіктерді көздейтін Қордың және компаниялардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және жүзеге асыру;
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру.

Сонымен ұлттық даму институттарына бөлінген «Қазына» қордың қаржы активтері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингтің мемлекеттік акция пакеттерінде жинақталған акционерлік капиталы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының басқаруына біріктірілді.

Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді басқару, олардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру және дүниежүзілік нарықта бәсекелестігін көтеру. Сәйкесінше, Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары – жалғыз акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі таза жұмыс жүргізу.

ішінде Қазақстан аумағында жобаларды іске асыру арқылы.

Қазақстан Даму банкісінің қызметі

Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:

- жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету;
- олардың қаржылану көздерін саралау;

- бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу;

- жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.

Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк, жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.

Банктің кредиттік саясатының негізгі қағидаттары және басымдықтары, инвестициялық басымдықтары, қарыздық қаражаттар тартуға сандық шектеулер, лимиттер, бағыттар, мүмкін болған талаптар, кредиттеудің тәртібі мен мерзімі, меншікті капиталын орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау ұлттық басқарушы компания бекіткен Банктің кредиттік саясаты туралы меморандумда белгіленген.

Сайттың «Банк көрсететін қызметтер» бөлімі Сіздерге банктің шынайы сектор кәсіпорындары мен қаржылық ұйымдар үшін талаптарын, мерзімдерін, қажетті құжаттар пакетін, кері байланыс сауалнамасын, клиенттерге ұсыныстарды, байланыс ақпаратын қоса алғанда ұсынатын қызметтер туралы барлық қажетті ақпаратты және басқа да көптеген ақпарат ұсынады.

Қазақстан Ұлттық қорының инвестициялық қызметтері

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл реттемакроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу;

3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;

2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;

3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.

Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.
118,733 сұрақ
306,675 жауап
153,306 пікір
68,757 қолданушы