0 дауыс
1.2k көрілді
Қазақстанның инвестициялық қызметтерінің заңнамалық қамтамасыз етілуі?

1 жауап

0 дауыс
Өндіруші салаға қарағанда, Қазақстанның өңдеуші салалары мен инновациялық секторы шетел инвесторлары үшін тартымсыз болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттің негізгі міндеті ретінде тауар, қызмет көрсету өндірісінің ішкі өсуін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды салуға жағымды жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік қолдау салықтық жеңілдіктер арқылы жүзеге асырылды.

«Инвестициялар туралы» Заңда отандық инвесторлардың құқықтары мен міндеттері ең бірінші рет бекітілді, шетел инвесторларына қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады. Мұндай салыстыруды «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар ескергендегі (10.12.2008ж. №101-IV, 13.01.2009ж. №135-IV өзгертулерімен) үш Заңда талдау арқылы (кесте 1) анықтауға болады.

Инвесторға құқығы және қызығушылықтары толығымен  қорғау беріледі. Бұл келесідей құжаттармен қамсыздандырылады – Қазақстан Республикасының Конституциясы,  қазіргі Заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы ратифицияланған халықаралық келісім-шарттар.

Инвестор келесідей жағдайларда залалдың шығынын өтеуді талап етуге құқығы бар: мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес емес қаулыларды шығару нәтижесінде; Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде.

Инвесторлар мен ҚР мемлекеттік органдары арасында қол қойған келісімдер бойынша шарттардың тұрақтылығына Қазақстан Республикасы кепілдеме береді. Тек, тараптардың келісімімен шартқа өзгеріс енгізген жағдайлар ғана есепке алынбайды.

Кепілдемелер келесі жағдайларда қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер және (немесе) ҚР халықаралық келісім-шарттардың және (немесе) өзгертуінің күшіне енуі салдарынан импорт, өндіріс, акцизделетін тауарларды сату тәртібі мен шарттарының өзгерісі;

2) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және адамгершілікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар.

Инвесторлардың құқықтары:

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетке салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі, өз қызметінен алынған табысты өз қалауы бойынша қолдану;
Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамаға сәйкес, ҚР территориясындағы банктерде ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында банктік шоттарды ашу.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференцияларды беруді білдіреді. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты – бұл экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық климатты құру; қазіргі технологияларды қолдану арқылы жаңа өндірісті құру, әрекет ететін өндірісті кеңейту, жаңарту үшін инвестицияларды ынталандыру; қазақстандық мамандардың біліктілігін жоғарылату; қоршаған ортаны қорғау.

Қазіргі Заңға сәйкес уәкілетті органмен келісім-шарт жасау арқылы келесідей инвестициялық преференциялар беріледі:

1) кедендік бажды төлеуден босату;

2) мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық преференциялар келесі шарттармен беріледі: инвестициялық қызметтің басыңқы қызмет түрлерінің тізіміне сәйкестігі; қазіргі технологияларды қолдану арқылы жаңа өндірісті құру, әрекет ететін өндірісті кеңейту, жаңарту үшін Қазақстан Республикасы заңды тұғалардың бекітілген активтеріне инвестицияны жүзеге асыру.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін құрал-жабдықтардың және оның топтама құрылғыштарының импорты кезінде  кедендік бажды төлеуден босатылады. Кедендік бажды төлеуден босату уақыты келісім-шарттың әрекет ету мерзіміне беріледі, бірақ келісімді тіркегеннен бастап 5 жылдан жоғары емес мерзімге беріледі.

Уәкілетті органдар мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару аясындағы сәйкесінше мемлекеттік органдармен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірге мемлекеттік заттай гранттар беріледі. Гранттар келісімге сәйкес инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде, уақытша қайтарымсыздық пайдалану немесе кейіннен қайтарымсыздықпен жерді пайдалануға беруді қарастырады.

Қайтарымсыздық тапсыру үшін мемлекеттік заттай грантты меншікке немесе жерді пайдалануға беру уәкілетті орган тарапынан жүргізіледі. Заттай гранттар ретінде келесілер болады: жер учаскілері, ғимарат, құрылыс, машиналар, құрал-жабдық, есептеу техникалары, өлшеуші және реттеуші құралдар мен құрылғылар, транспорт құралдары (жеңіл автортранспорт емес), өндірістік пен шаруашылық  инвентарь.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіппен, мемлекеттік заттай гранттардың нарықтық құны бойынша бағалауы жүргізіледі.
мемлекеттік заттай гранттардың максималды көлемі – Қазақстан Республикасы заңды тұлғалардың бекітілген активтерге инвестицияның көлемінен отыз пайызынан жоғары емес.

Егер мемлекеттік заттай гранттың бағалық құны максималды көлемнен асатын болса, онда Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы айырмашылықты (мүліктің бағалық құны мен мемлекеттік заттай гранттың максималды көлемі арасындағы) төлей отырып, сұранатын мүлікті алуға құқығы бар.
...