0 дауыс
635 көрілді
Ақша нарығының негізгі буыны ретіндегі пластикалық карталар нарығы?

1 жауап

0 дауыс
Пластикалық карта - басылық ақшасыз есеп айырысу нысандарының бірі- олда дамыған елдер қолма-қол ақша айналысынан бас тартып, акшасыз нысандарға, атап айтқанда пластикалық (кредиттік жекедебеттік) карталарды пайдалануға көшуде. Пластикалық карталар қоғам және өзара каржы қатынастарының құрылымын елеулі түрде дамытты. Алайда пластикалық карталар төлем айналымының сенімділігін толық өзгежеде қамтамасыз етпейді. Жалғандық жасаудан келтірілетін ал жыл сайын көбейе түсуде, мұның өзі шығынның орнын толтыру үшін банкілерді арнаулы сақтық қорларын ұстауға мәжбүр етуде пластикалық карталардың басқа бір кемшіліктері жеке тұлғалардың арасында есеп айырысудың күрделілігі, осы мақсат үшін қолданылатын банкоматтар тым қымбат тұратын аппараттар

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар - төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өндеу кұралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары екі түрлі дебеттік және кредиттік болып келеді.

Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:логотипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісті екендігі, мысалы: «Master Card», «Visa» және т.с.с.;карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады);карточка иесінің аты-жөнікарточканың эмитентінің атауы;карточканың қызмет ету мерзімі;карточка иесінің қол қою үлгісі.

Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды кездеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos-терминал дегеніміз сауда немесе кызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. Құрылғылары орнатылады.

Pos (ағылш. Point of Sale — сауда орны) — эквайрер банкпен өзара жасалған келісім-шартка сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлійеді:

1.                   локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;

2.                   халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.

Төлем карточқаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге асырылады.

Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) — төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.

Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;Операцияның жасалған күн;Операция сомасы және валютасы;Эмитент банктің операцияларды авторизациялауды растайтын коды;Банктік карточканың өзіне тән белгілері;Слипте карточканы ұстаушының қолы.

Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитентбанк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және езге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.

Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн» режимі (ағылш. on-line — нақты уақыт режимі) — банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн» реэісимі (ағылш. off-line — қолжетімсіздік) — банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді.

Эквайрер банк - банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.

Қазақстанда 2000 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам нысанында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.

Ұлттық процессингтік орталық — төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.

Ұлттық процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:төлем карточкалары бойынша транзакцияларды ендеп, қажетгі құжаттарды дайындау;төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;телем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;төлем жүйесіне катысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;қатысушы банктерді техникалык және ақпараттык жағынан қолдау;төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру .

Пластикалық карточкалар банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қазақстандағы төлем карточкаларын шығаруға байланысты қызметті лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін жалғыз орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімемлекетгік мекемесі болып табылады.

Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымын Иртыш-card бірінші жүйесін іске қоса отырып, «Қазақстан халық банкі» АҚ жүзеге асырды. Қазіргі уақытта республикада ел аумағында қолданылатын жергілікті (Altyn, Иртыш-card, Alem-card, «Каспийский банкі» ААҚ-нын, карточкасы) және сол сияқты ел аумағында және де одан тысқары қолданылатын халықаралық (VISA, EuroCard/ MasterCard, Cirrus/Maestro American Express) төлем карточкалары пайдаланылады.
...