0 дауыс
2.8k көрілді
Несиел нарығының түсінігі мен функциялары?

1 жауап

0 дауыс

Несие нарығы – бұл қаржы құралдарын қажет ететін шаруашылық субъектілері мен халық арасында, сонымен қатар сол қаражаттарды белгілі бір шарттар негізінде ұсына латын (қарызға беретін) шаруашылық субъектілері мен халық арасында қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін механизм. Ақшалай капитал қайта босағанда, яғни қайта өндіру процесі жүрген кезде зайымдық капиталдың жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі несие нарығы арқылы жүзеге асырылады. Ақшалай капитал ссудалық капитал түрінде нарыққа, одан қайта қарыз берушіге (кредиторға, яғни банкке немесе т.б. қаржы-несие институтына) оралады. Несие нарығының мәніонда қандай: өзіндік немесе сырттай, аккумурленген, т.б. ақшалай капитал пайдаланып жатқанмен байланысты емес, яғни банктің өзінің жеке ме, әлде өзінде депонирленген капитал арқылы ма қызмет ететіндей маңызды айырмашылық жоқ.Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішінде капиталдардың қозғалуы, ақшалай жинақтардың капитал салымдарына өтуі, ғылыми-техникалық революцияның іске асуы, негізгі капиталдың жаңаруы жүзеге асырылып отырады.

Функциялары:

-Несие арқылы тауарлы нарыққа қызмет ету;

-Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сонымен қатар шет ел клиенттерінің ақшалай жинақтарын тарту;

-Ақшалай қорларды тікелей ссудалық капиталға аудару және оны өндіріс процесіне қызмет ету мақсатында капитал салу түрінде пайдалану;

-Мемлекеттік және тұтынушылық шығындарды жабу үшін капитал көзі болып табылатын мемелекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сонымен қатар қуатты қаржы-өндірістік топтардың құрылуына жәрдемдесу.

...