0 дауыс
2.0k көрілді
Ақша нарығының төлем құралдары, олардың ерекшеліктері және қаржы нарығындағы рөлі?

1 жауап

0 дауыс

Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар жəне толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сəйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен жəне алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар əр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы - реверс жəне жаны – гурт деп аталады.Монета сөзінің шығуын Римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуіден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңіліңнен шығамын” дегенді білдіреді. Алғашқы монеталар VІІ ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда жəне Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ – Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті.

Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нəтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті жəне тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды жəне соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нəтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

• құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

• құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар жəне несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын жəне күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

• металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған əрекетінің нəтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны

мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690ж.. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда жəне 1769ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақашалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия жəне т.б.) ғана сақталған.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын жəне металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы жəне төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне

байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз жəне құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін жəне төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу жəне сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына

мүмкіндік жасау. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, жəне чек.

“Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде жəне белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай жəне аудармалы.

Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында4 мынадай түсініктемелер берілген:

- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нəрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нəрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

...