0 дауыс
4.4k көрілді
Ақша нарығының түсінігі және функциялары?

1 жауап

0 дауыс

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.

Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады ,осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
• Бөлінушілік;
• Ықшамдылық;
• Біртектілік.

Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан тауар-эквиваленттен жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды.

Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп,ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар – ақша болады. Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.

Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларда болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.

Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель. Ол иесіне қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.

Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер – халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Алғашқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер түрінде болады. Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына байланысты девиз банк төлем құралының формасын қабылдады: вексель, чек, аккредитив, телеграфтық аудару және мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер. Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Олар көосетілген елдердің валюталарында халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рөльді атқарады. Соңында орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтімді ресурстарының құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады. 
Ақша мынандай функцияларды орындайды:
• Құн өлшемі;
• Айналым құралы;
• Төлем құралы;
• Жинақтау құралы;
• Әлемдік ақша.

Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан, тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді. Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын нақты ақшаның ролін орындайды. Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады,сонымен қатар тікелей айырбас құны ретінде алға шығады. Қор жинау құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыда алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да,ол төлем құралы ретінде ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті. Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналады, содан кейін қор жинақтауға түрленеді. Мұның соңғысы өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады. Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді. Алғашқы кезде,ол алтын түрінде қолданылды. Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді,яғни ақшаның осы функциялары біріктіруші болып табылады. 

Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға болады:
• Төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;
• Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
• Есеп функциясы және т.б.

...