+1 дауыс
1.5k көрілді

Сіз өлімнен қорқасыз ба?

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қорықпаймын деп айта алмаймын,кейде қорқамын!Неден қорқамын әрине Тозақ отынан қорқамын сондықтан,жақсы болып парыздарымды орындап кінәларымнан айырылп барып өлгім келеді!Бір жерден оқыдым,ХАдистен ау шамасы Өлімді әрдайым еске алып тұру керек делінген ЖИІ-ЖИІ!

+2 дауыс

Әрбір мұсылман жаннат пен жаһаннамға сенеді. Жаһаннамнан құтылып, жаннатқа кіргісі келетін ақылды адамның өлімге дайын болуы керек. 

Темір өзек пенде жоқ .

Өлмес адам елде жоқ. деген өлең бар Шәкәрімнің. Барлық адам өледі. 

0 дауыс

Мен қорқамын.Мәнгі ата-анамен өмір сүргім келеді

+1 дауыс

Әрине қорқамын!Тозақтан,АЛЛАның  қаһарыннан қорқу керек қой!Барлық күнәлардан арылып,тазарып о дүниелік болғанға не жетсін!Бірақ қорқамын мен!

+1 дауыс

Қорықпаймын деген адам да қорқады ғой! Жақындарымды көп жоғалтқасын ба,өлімнен қатты  қорқамын...

+1 дауыс

Қорықпаймын деген адам ең қорқақ, һәм ақымақ адам.

+1 дауыс

Өлгеннен кейін жәннатқа баратыныма сенімді болсам қорықпас едім. Бірақ, оны бұл дүниеде біле алмайсың ғой. Мүмкін, тозақ күтіп тұрған шығар. Соны ойлаған кезде қатты қорқамын. Өйткені өлгеннен кейін ешқандай күнәңді өшіре алмайсың, не сауап қоса алмайсың.

Мен де солай ойлаймын.
+2 дауыс

Қуанышбек жақсы айтты. Өлімді жиі еске алу керек. Не үшін? Себебі сіз өлімді ойлаған сайын, күнәлерден тиыласыз, яғни күнә істеуден аулақ боласыз. Өмірде барлық адам өлімнен қорқады. Бірақ адамдарда бір ой қалыптасқан. Өзін өлмейтіндей сезінеді. Бірақ кім өлмеді. Әлемді жаулаған Шыңғыс хан да өлді. Мен, мен деп кеткен адамның бәрі өлді. Сол себепті өлімнен қорқайық. Өлімнен, қызықтың бәрінен құр қалам деп емес, Тозаққа түсіп кетерміндеп қорқу керек. Және, мен өлімнен қорқамын деп, құр отырудың қажеті жоқ. Қолдан келгенше мұсылманның парыздарын орындап, жақсы іс істеп сауап жинап, қайтыс болайық. Менің айтарым осы.

+1 дауыс

Қандай өлімді айтасың? Өлімнің де түр түрі бар.Аяқ астыныан келген төтенше өлім болса,қорқып та үлгермейсің,өлесің де қаласың. Өлімнен бәрі де қорқады.Тек есі дұрыс емес және  өмір сүруден безген, адам қорықпайды.Өз басым бір залымнан,азап ,зорлық көріп өлгеннен қорқамын.Және бұндай өлімді жауыма да тілемеймін!

0 дауыс
Мен өлімнен қорқамын қалай кетіретінімді билмей журмін не істеймін
...