+4 дауыс
25.1k көрілді
Өлімнен ұят күшті деген сөздің мəнісін қалай түсінуге болады?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қадірлі қаламгер марқұм Әзілхан Нұршaйықов атамыз:  Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Мен ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы  – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар. Мен:

Өтірік айтудан ұяламын.

Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.

Орынсыз жерде суырылып артық сөйлеуге ұяламын.

Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.

Трамвай-троллейбуста, автобуста қарттар түрегеліп тұрғанда, жастардың орын бермей шіреніп отырғанын көргенде қатты ұялып кетемін.

Кейбір қазақтың ана тілін қастерлемейтініне ұяламын.

Біреудің әйеліне құмарлана қараудан ұяламын.

Біреудің сырын сыртқа шашудан ұяламын.

Досыма да, қасыма да ауыр сөз айтудан ұяламын.

Үлкенге де, кішіге де, әсіресе үлкендерге «сен» деп сөйлеуге ұяламын.

Әлдекімдерге жағымпаздық жасауға ұяламын.

Жұмыссыз бес минут бос отыруға ұяламын.

Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамай қалуға ұяламын.

Кісінің нәрсесіне қызығуға, біреуден бір нәрсені тегін алуға ұяламын.

Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса үн-түнсіз қала беремін, өңештемеймін, өкпелемеймін.

Біреуге қол созып, бір нәрсе сұрауға ұяламын. Ешкімнен ештеме дәметпеймін.

Қоғамдық орындарда шіретке тұрмай, «мен ардагермін» деп жұртты кимелеп, алға қарай ұмтылуға ұяламын.
+3 дауыс
Бұның мағанасы суицидке итермелейтін сияқты
+3 дауыс
сәлеметсізбе! менің ойымша өлімнен, ұят күшті деген сөздің мағынасы өлгеннен гөрі ұялған жаман деген мағына яғни, біреуге ұятқа қалғанша өлген артық деген мағына сияқты. бұл менің ойым бірақ толық әрі дәл мағынасын білмейді екенмін.
+3 дауыс
Мысалы позор болып таяқ жегеннен ерлік жасап  өлгенім жақсы деген сияқты ғой.
+2 дауыс
Жаманатты болғаннан өлген артық деген мағынада ғой. Мысалы уəде беріп орындай алмай қалғаннан өлген артық. Мен солай есептеймін
+1 дауыс
Қатты ұялғанда түсінесің мағынасын..
0 дауыс

Адамда ұят сезімі оянған кезде ол өзі жасаған әрекетіне өкінішпен қарайды, қанағаттанбаушылық пайда болады, бұл бекер екен деп ойланып қалады. Сонымен қатар ұят сезімін қасындағы адамдардың теріс әрекеті де тудыруы мүмкін, әсірісе бұл адамдар туысқан немесе өте жақын дос болған жағдайда. Көптеген адамдарда ұят сезімі бұрын жасалған бұрыс әрекеттерді еске алған кезде пайда болады.

Адамның ұялғандығын оның денесі нақты көрсетіп тұрады - беті қызарады, адам көзін жерге қаратады, дене температурасы және қысымы көтеріледі және т.б. симптомдар.Бұндай адамдарға \"Өлімнен ұят күшті\" деген дәл келеді.Ар ұят адамгершіліктін мүддесі. ұят имандылықтын белгісі. ұят тазалықтын, әділеттіліктін үлгісі. ұят адамзатта болатын ең үлен қасыет. жербеті ұяты бар кісілердің құрметіне бар. ұят кеткен кезде қямет қайым болды деп есептей бер.

0 дауыс
Сіз ұят деген не?-деген сұрақты, қарапайым өмірде де алуға болады емеспе?! Мысалы,сіз жаман сөздерді айта бердіңіз делік.ондай сөздерге құлағы үйренгендер үндемейді,(күледі кейде),ал кейбір жандар естігенді ұят көріп, "қойсай"деуі мүмкін.ол естуді уят көрсе,сіз айтуға уялмайсызба?уялмасаңыз ендеше сіз уятсыз деген атқа иесіз да. Сонымен қорытындыласақ:уят дегеніміз-адам ішіндегі күйінің белгілерінің бірі.мысал,оның бірнеше белгілері бар;жерге қарау, тіке қарай алмай,қызару,қол мен өзгеде заттармен бетін жабу,тығылу,жан жағына қарайлай беру,т.с.с енді біз ұятты екіге бөлеміз,мысал,мактаса да (куанамыз да кейде),жамандаса да ұяламыз. Жалпы тағы пікір қосуғада болады.сізге біршама айттым. Енді мұндағы кісілердің жазғандарында оқып, Ұят деген не ?-деген сұрағыңыздын ережесін табарсыз деген ойдамын,ал сау болыңыз!!!
0 дауыс
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздйтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.
...