0 дауыс
556 көрілді
Егер сіз біреуді өлімнен құтқарсаңыз, өзіңізді батыр сезінесіз бе ?

6 жауап

0 дауыс
Әрине,біреуді қиын жағдайда өлімнен құтқарсам,өзімді сәлде болса батыр санарем.Бірақ қатты мақтанып,құтқардым,өйттім,бүйттім демеймін.
0 дауыс
Жоқ. Егер мен адамның өмірін құтқарсам өзімді батыр санамас ем. Бәріміз де пендеміз. Бір-бірімізді құтқару біздің ПАРЫЗЫМЫЗ.
0 дауыс
Ондай жағдай болса құтқару парыз емес пе?! Батыр деп сені халық санайды!
0 дауыс
Жоқ,біреуді өлімнен құтқару ол ерлік,ал ерліктің 2 турі болады.Біріншісі 1 сәттік ерлік,екіншісі өмір бойғы ерлік.Біреуді олімнен қутқарып қалу ол бір сәттік ерлік,ал Ұлы Отан соғысында өзінің елі ушін жанын қиғандардікі өмір бойғы ерлік.Яғни біреуді қутқарып озіңді батыр санаганнан гөрі халқыңнын жолында жанынды қиғанын нағыз батырлық.Сондықтан біреуді қутқарып озімді батыр санамас едім
+1 дауыс
Өмірге адам келгеннен кейін оның басынан түрлі оқиғалар өтеді. Ертең алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Бүгін біреуге жақсылық жасап, оның өмірін құтқарсаң ертең сол жағдай сенің басыңнан өтуі әбден  мүмкін. Қазақта бір керемет сөз бар ғой: "Біреуге жасаған жақсылығыңды, біреудің саған жасаған жамандығын тез ұмыт." Біреуге көмектесу мақтануға тұрады деп айта алмаймын.
0 дауыс
Әрине батыр сезінем.Адамның өмірі ойыншық емес, ол адамға өмір сыйлаймын, отбасына қуаныш сыйлаймын.Бұған қалай қуанбасқа?!
...