0 дауыс
55.3k көрілді
Тезірек өліп қалуым үшін не істесем болады? Қандай дәріні ішіп тіл қатпай кетуге болады?

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл өмірге келгісі келгендіктен келген ешкім жоқ. Осындай өмірді қалайсың ба деп бізден ешкім сұраған да жоқ. Сауалы мол, жауабы жоқ мына дүниеге әкелді де тастады. Кейде мен де ойлап қоям, өз еркімізбен келген жоқпыз ғой,  қалаған уақытымызда бәрін тастап кете салсақ болмай ма деп... Адам болған соң қиналамыз ғой. Кейде мына өмірде қимайтын не бар деп те ойлаймыз. Дәл қазір бәріне өз қолыммен нүкте қойсам, азаптың бәрі аяқталардай көрінеді. Өз басым себепсіз ештеңе жоқ деп ойлайды екенмін. Мені жаратқан Құдіреттің мені мұнда не үшін жібергенін білгім келеді. Мүмкін әлдекімге сүйеніш, әлдекімге қолғанат, әлдекімге бақыт болармын. Сізге қызық емес пе мұнда келуіңіздің себебі? Жай ғана өмір сүріп көріңіз. Бәрі керемет болады, позитивті ойлаңыз, айналаға басқаша көзбен қараңыз деп айтпай-ақ қояйын. Жай ғана тағы біраз өмір сүріп көріңізші. Өмір деген де біздің көрші апай сияқты. Біресе жайдары жүзбен амандасады да, енді бірде қарамай өте шығады. Көресіз әлі бұл күндер де өтеді де кетеді. Қиналсаңыз ештеңені іште сақтамай біреуге айтып көріңіз. Дауыстап жылап алыңыз. Бірақ әсте кетуге асықпаңыз. Мүмкін Сіз бұл өмірге бақытты болу үшін келген шығарсыз?
0 дауыс
Өз-өзіне қол жұмсаған Аллаһ алдындағы өте ауыр күналардің бірі, олай жасамаңыз. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір сөзінде айтқан екен, "Олай жасардың алдында азырақ ойланыңдар, қуанышты күндеріңді еске түсіріңдер, иманға келіңдер, о дүниеге барғанда өте қиын болады" деп, Сіз де ойланыңыз,

Мүмкін қазір бұл өмірден өз орныңызды таба алмай жүрген боларсыз, әр нәрсе өз уақытымен, Сіз де бақытқа жететініңізге сенімдімін, себебі әр адамның өз нәсібесі бар
қайтадан Мұсылман болуыңмен)
Кешірерсіз, Бірақ бұл жауабым өз сеніміме еш қатысы жоқ, жәй ғана өзімше психологиялық көмек көрсеткен сыңайым десе де болады
Ой мынау сіз ба? :DDDDDDDD---%______

______
+1 дауыс
Қаншама адам өмір сүруге талпынып жатыр емеспе.Мысалы біреуінің қол,аяғы жоқ ,тағы біреулерде басқа жағдай.Бәлкім өмір сүргіңіз келмейтін шығар.Бірақ бәрін жеңіп одан сайын өмір сүруге талпыну керек.Өмір АЛЛАНЫҢ адамға берген сыйы.Сондықтан барынша дұрыс өмір сүру керек.Ал өз өзіңді өлтіру ол КҮНӘ.
0 дауыс
Сен өлме, қазақтар онсыз да аз халықпыз!  Жайдан жай өле салу дегенге адамның санасы жетпейтін нәрсе екен.  Атам Қазақ:  Мына шығысыңда қысық көз ата жауың бар деп еді.....

Ер жігіт елі үшін туылады,  елі үшін өледі.   Солай емес па?
0 дауыс
Өлгеннен кейінде проблемаңыз бітіп жоқ болып кетпейсіз. Түсінесізба. Суицид проблемалардың шешімі деп ойлау үлкен қателік. Қандайда бір көмек, қажет болса жазыңыз сөйлесейік.
–3 дауыс
Құрметті модератор!Бұл сұрақ пен жауаптарға тиым салу тиіс.
Сіздің ойыңызды түсінбедім, сонда жардан құлағалы тұрған адамға көмектескіңіз келмей ме? Мүмкін сіз бір ауыз жылы сөзіңізбен бір адамның өмірін сақтап қаларсыз
Рахмет сізге, vvvwww)
0 дауыс
Рахмет сіздерге) Бұл сұрағым бәлкім орынсызда болар. Бірақта бұл өмірде кейбір жағдайлардан жол тауып шыға алмауым, көп нәрселерді өз күшімен жеңе алмауым, қолдау таппағаным, жалғызсырауым, жанымды ешкім түсінбегені бәлкім мені осы сайтқа сұрақты қоюға себеп болған шығар! Бірақ, біз мұсылман бауырлармыз неге қазір заман не болып кетті?! Қазір адамдар бір-біріне моральдық тұрғыдан көмектесе алмайды, өздерінін бір-біріне деген достық сезімдерін, адами құндылықтарын, қарым-қатынастарын, сенімін, маxаббатын бағалай алмайды, бағалаймайды. Соңында Барлығын желге ұшырып жібергендей болады. Адамның руxани дүниесіне, жан байлығына қарамайды, тек қоғамда алатын мәртебесіне (ақша,үй, көлік) тек осылар ғана. Неге өмір әділетсіз екен деп кейде ойланамын....

P.S  Жеке ойларынызды күтем.
Не жағдай болды? Әйел адам болсаңыз әлбетте жаратылысы сүйеніш тіректі қажет етеді. Еркек болсаңыз, сағың сынбай мықты бол дер едім. Дін жоқ жерде мораль болмауы мүмкін деген пікір басым. Мән берме бұндай нәрселерге. Өмір әділетсіз деп ойлауға болмайды достым. Алланың бергеніне разы етпеу болып саналады. Жағдайыңды айтсаң көмектесуге тырысамыз.
0 дауыс
адамның бәрі бақытты болуы үшін жаралған сіздің асығып, аңсап жүрген өліміңіз де бір күні келет адамдардың көпісі егер дал казір өлсем барі жақсы болат деп ойлайды бырақ олай емес кім айты өлгенен соң бәрі жақсарат деп о дүниеде де өмір бар өлгенен соң тірілесің деген бар өткенді ұмыт  артыңа қарама тек алға жүр сонда бәрі жақсы болат тек жақсы ой ойла мен де бұрын дәл солай өліп қалсам гой мен өлсем бәрі құанатын шығар деп ойлайтынмын өтсем олай емес екен біз барін қиығанмен бізді қимайтын жандар бар екен соларды ойлаңыз ☺ өмір өз ирімімен барі де уақытша болғандықтан біреүдің айтқанымен емес өз арманыңмен өмір сүр ел недемейт "пікір елдікі, өмір менікі" деген сөзді жиі айтып жүріңіз сонда бәрі сойқан болады  ☺
0 дауыс
Менің де өліп қалғым ақ келеді  бәрінен шаршап кеттім, бірақ ерекше қызымды қалдыра алмаймын( инвалид) сол ғана себепші өмір сүруіме
0 дауыс
Сіз қазір осы дүниеде болсаңыз менің сөзімді соңына дейін тыңдаңыз. Адамдардың көбі өзімшіл ешкім ешкімді ойламайды.

Елімізде көп адам несие алып қарызға батып өз өзіне қол жұмсап жататыны белгілі және т.б.

Отан алдындағы борышты өтеу дегеніміз тек әскерге барып келу ғана емес, отанын сүю және әр тұрғынына қамқор болу
Отанды қорғау деген оның әр азаматын қорғау несие қыспағында жүрген халықты қорғайтын бірде бір адам табылмаған тәрізді сондықтан елдің жағдайын ойлайтын адамдар көбеймейінше жағдайымыз осы
Әр нәрсенің екі жағы болатыны тәрізді тез өлудің жолын іздеуіңнің жақсы жаман жағы бар
Жаманын бәрі біледі Алланың қаһарына ұшырайды одан ауыр азапта күнәда жоқ
Жақсы жағы сен өлімге деген қорқынышыңды жеңдің енді сен айтпай келер ажалға дайындығыңды жаса сенің көмегіңе мұқтаж жандарға көмек бер басыңды сәждеге қой қимақшы болған мәнсіз өміріңді Аллаға арна
Ақыл айтқанға бәріміз ұстамыз бірақ осылай жасасаңда жасамасаңда ажал сені іздеп табады Өлімнен қорықпайды екенсің мына өмір қызық емес екен, онда келесі өміріңе дайындық жаса!
0 дауыс
Таба алдыңыз ба? Маған да айтыңызшы. Құрсаққа біткеннен керексіз болғанмын, әлі де кедергі екенмін. Бітсінші бәрі... Кеңейсінші жерлері... Оларға қарсы тұрып беретін денсаулығым да қалмады.  Шаршадым.
0 дауыс
Меніңде олгім келеді неге омрм осыншама киын соны тусынбим анамнын аиткан ауыр создеры оз ана мені дуниеге акелген анам маган олсен олп кал жаксы болар еді дегенде омір суру ге деген талпынысым кашп кетті кунде ауыр создер кунде таяк жеу шаршап кеттім анамнын мені кішкентаимнан калаи урып келе жатканы есымен кетпит козмді когерткені колыма вилка тыгып алганы болмаган нарсеге урып жексурын десе жесурн болганша оле сал дегені журегмді тесіп бара жатр
0 дауыс
Алла Тағала былай дейді: «…Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» (Ниса, 29, 30).

 Адамның күні бар ма сыналмаған
Бақ тайса мал менен бас құр алмаған
Күніне 90 түрлі көрсең пәле
Сонда да күдер үзбе бір АЛЛАДАН
0 дауыс
2016-2023ке дейін жазыпсыз. Жасыныз нешеде? Аман сау болсаныз жазыныз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
10 жауап
+1 дауыс
6 жауап
+4 дауыс
8 жауап
...