0 дауыс
1.9k көрілді
Адам өлгеннен кейін қайта туылады деген қаншалықты шындыққа жанасады ?

7 жауап

0 дауыс
Нақты білмейді екенбіз. Бірақ естігенмін, егер адам өмірінде жақсы не жаман болса, келесі өмірінде жақсы болса адам, жаман болса құрт-құмырсқа, жылан болып кетеді деп. Негізі бір жан ұшып басқа бір денеге кіреді дегенге өз басым сенемін.
0 дауыс
Адам жақсылық жасаса жұмаққа жамандық жассаса тозаққа кетеді деген бар.
0 дауыс
Азда болса айтайын. О дүниеде жақсылығың мен жамандығың тең болса қайта дүниеге жібереді.
Тауыққа айналып кеткен жiгiт жәйлi анегдотты оқып, айтып тұрсың-ау деймiн ))
0 дауыс
Адам, қайта туылмайды, қайта тiрiледi...
0 дауыс
Адамның жаны бұл дүниеге келген уақытша ғана қонақ, Адам өлмайді, Жан ол рух, ал тән билологиялық дене жас кезде жақсы жұмыс істеп, қартайғанда ескіреді-тозады ары қарай жанды алып жүре алмай істен шығады (машина сияқты ғой) істен шыққан дене тасталады.  Жан (рух) келген жағына қайтады. Біз жақта адам өлсе, оны өліпті демейді,  қайтыпты немесе қайтыс болды дейді, осы сөз бекер айтылмаған болса керек.
0 дауыс
Қайта тіріледі! Бірақ бұл өмірде емес, Ахиретте! Сол уақыт болған уақытта қабірі қопарылып, тіріліп шығады! Жақсылығы мен жамандығы тең болса дүниеге қайта жіберу деген жоқ! Ерәлі анекдоттағы тауық болып тірілген адаммен байланыстырып отыр-ау шамасы.
0 дауыс
Ол жақта не болатынын ешкім білмейді осы нақты өмірге қарық болайық

Ұқсас сұрақтар

...