0 дауыс
3.1k көрілді

Кофенің адамға кері әсері барма яғни зиян ба? ішкенге қандай кофені ұсынар едіңіз?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Кофейн – сусындағы адам ағзасына ең басты әсер беретін зат. Дәрігерлердің айтуынша, кофейнді 100 пайыздық мөлшерде пайдалануға болмайды, өйткені ол өте зиянды. Кофейн адам психикасына әсерін беретін зат болғандықтан, ол ортаңғы жүйке жүйелеріне ықпалын тигізіп, ұйқысызды пен тежеулікті азайтады. Және кофе жүректтің жұмысын тездетеді, сонымен қатар бір мезгілде қантамырларда жұмыс жасайды, оларды кеңейту арқылы қан қысымын көтермеуге әсерін береді. Алайда бұл сусынды жүрек-тамыр ауруымен ауыратын адамдарға сақтықпен қолданған жөн. Кофе асқазан жұмысын да тездетеді, сондықтан дәрігерлер кофені аш қарынға ішуге тыйым салады.
Дайындалған сусындағы койфейннің мөлшері сол кофейн талына немесе дәннің өңделуіне байланысты өзгереді. Жалпы екі негізгі сұрыпқа бөлінеді: «арабика» және «робуста».
Тағы айта кететіні, мөлшерге қатыт көңіл бөлу қажет: егер сіз күніне үш бакал кофе ішетін болсаңыз, онда денсаулығыңызға алаңдамасаңыз да болады. Егер күніне төрт-бес рет ішетін болсаңыз, онда сізде ұйқысыздық пайда болады, адам бойында агрессивті белгілер байқала бастайды. Күн өткен сайын ішуді көбейтпеген дұрыс, ғалымдар жеті бакалдан артық ішуге тыйым салады, себебі ол ағзаға кері әсерін беруі мүмкін. Атап айтсақ, мидың жұмыс істеу белсенділігін төмендетеді, немесе керісінше ашуланшақтыққа, күйгелектікке алып келеді.
Соған қарамастан, кофе шаршаңқылықты жояды, депрессия кезінде пайдасы мол, яғни серотонина гармоны арқылы адамға бақыт, қуаныш, өз-өзіне сенімділік алып келеді. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, психологқа аз баратын адамдар, олар кофені көп ішетіндер екен және антидепресанттарды қолданатыны анықталды. Кофені ішуді шұғыл тоқтатқан адам ұйқышылдыққа, солғындыққа, өз-өзіне сенімділіктен айырылуға алып келеді екен.

Ақпарат!

Және түрлендіріп ішу:

Су. Су қосылған кофені "колумбиялық кофе" деп атайды. Қою кофені сумен араластырып, оның асқорыту жолдарына тигізетін зақымын кемітуге болады. Кофенің қою түрлерін, мысалға эспрессоны сумен араластыруға кеңес береміз.


Лимон. Кофеге қосылған бір тілім лимон оны бір сәтте пайдалы ыстық сусын қылады. Ол кофенің антиоксидантты қасиетін еселеп, асқорыту жүйесіне пайдасын тигізеді, тамақ қорытылуын тездетеді.


Сүт. Сүтті кофеге қосу дәстүрге айналып та кетті. Кофенің дәмін жұмсарта отырып, оның әсерінен ағзадан шығарылатын кальцийді ұстап қалады. Сондай-ақ дауыс желбезектерін зақымданудан сақтайды.


Даршын (корица). Кофенің дәмі мен иісін түрлендіріп, сергітіп, тәбетіңізді бәсеңдетеді.

Ақпарат!

0 дауыс
бір зиянын білемін , кешке ұйықтарда ішсең уйықтай алмай қаласың таң атқанша . ))))
0 дауыс
Иә,әрине зияны бар...тіпті көп
0 дауыс
мидың жұмыс істеу қабілетін төмедетеді
0 дауыс

Британия ғалымдары кофені түстен кейін, яғни сағат 14:00-ден кейін ішу керектігін айтады. Ғалымдар адамдардың көпшілігі түстен кейін шаршай бастайды, содан олардың ойлау қабілеттері төмендейді. Ал түстен кейін ішілген бір кесе кофе ойлау қабілетін белсенді етіп, адамды сергітеді дейді.

Бұрындары АҚШ ғалымдары кофені жиі ішу күйзелісті алдын алады, оба пен ісіктен қорғайды деген тұжырымға келген.
Сонымен қатар мамандар  кофе әйелдердің қынап обасына, еркектерді қуық түбі безі обасына шалдығуын төмендететіндігін анықтаған.
Алайда кейбір ғалымдар күніне төрт кеседен көп кофе ішу өмірді қысқартады дейді.
Кофенің пайдасы мен зияны туралы тартыстар әлі бір шешімге келген жоқ. Алайда бүгінгі күні кофе әлемдегі ең танымал сусын. Күнделікті әлем бойынша 500 биллион кесе кофе ішіледі. Кофе – әлемде сатылымы бойынша мұнайдан кейінгі екінші орында.

P.S. Өзім "3 в1" дайын кофеден гөрі Jacobs сынды қара кофеге көбірек сүт қосып ішемін. Ал егер дайын кофе алатын болсам неғұрлым қымбатырағын алуға тырысамын.

0 дауыс
Журек ауруын тугызады,жане де адам кан тамыр жуйесiн томендетедi,мейлiнше кунi 1рет азанда аз молшерде колданган жон.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...